Жаңа жыл қарсаңында қайырымдылық акциясы өтті

Жаңалықтар

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – мұқтаж жандарға қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері жаңа жылдық мерекеге орай корпоративтік кешті мейрамханада атап өтуден шектеліп, оның орнына тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасылар мен мұқтаж жандарға қайырымдылық шараларын өткізді.