Жаңақорған ауданында облыстық көшпелі семинар өтті

Жаңалықтар пресс релиз фотогалерея

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 25-і күні Жаңақорған ауданында «4-деңгейдегі жергілікті бюджеттердің қалыптасуы мен атқарылуындағы мәселелер» тақырыбымен көшпелі семинар өтті.
Көшпелі семинарды аудан әкімінің орынбасары Сұлтанбеков Ерділдә Нұртазаұлы жүргізді. Жаңақорған аудандық қазынашылық департаментінің өкілі, кент, ауылдық округтер әкімдері және есепшілері, заңгерлер, аудандық бөлімдердің басшылары қатысты.
Семинарда комиссия мүшесі Ильясов Талғат Ибрагімұлы, облыстық қаржы басқармасынан Ердикаликов Нурланбек Биболатұлы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасынанАманжолова Галия Сәндібекқызы баяндама жасады.
Көшпелі семинардың күн тәртібіне 4-деңгейлі бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мәселелері, мемлекеттік коммуналдық мүлікті басқару мәселелері, 4-деңгейлі бюджеттерге жүргізілген аудит нәтижелері және қалыптастыру мен атқару процесінде қолданыстағы заңдылықтарды сақтамау мәселелері арқау болды.
Көшпелі семинар барысында сұрақтар қойылып, тиісті мамандармен жауап берілді.