Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының «2020 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы мен 2021 жылға арналған міндеттері туралы» алқа отырысы өтті

Жаңалықтар пресс релиз

Ағымдағы жылдың 12 ақпанында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының «2020 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы мен 2021 жылға арналған міндеттері туралы» алқа отырысы өтті.
Отырысты тексеру комиссиясының төрағасы С.Кулумбетова ашып, сөз сөйледі.
Осы ретте, тексеру комиссиясының аппарат басшысы Б.Пшанов тексеру комиссиясының 2020 жылы атқарылған жұмыстарының қорытындысы мен 2021 жылға арналған міндеттері туралы баяндама жасады.
Сонымен қатар, тексеру комиссиясының бөлім басшылары 2020 жылы атқарылған жұмыстары туралы баяндамаларын жасап, атқарылған жұмыстарына талдау жасалды.
Отырыс барысында қызметкерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу және әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау тапсырылды.
Шара соңында тексеру комиссиясының төрағасы С.Кулумбетова 2021 жылы алға қойылған мақсаттар мен жұмыстарды өз деңгейінде, мерзімінде, заңнамаларға сәйкес атқаруды және жауакершілікті күшейтуді тапсыра отырып, сәттілік тіледі.