Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында Жалағаш ауданы бойынша аудиторлық іс-шара қорытындысын қарау отырысы қашықтықтан өтті

Аудиторлық іс-шаралар Жаңалықтар

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің №1028-Д//20-1241 хатына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қарым-қатынастарын шектеу мақсатында Жалағаш ауданының бюджет қаражатын,оның ішінде аумақтарды дамыту бағдарламасы шегінде бөлінген қаражатты пайдаланудың тиімділігін және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың мемлекеттік аудит іс-шарасының аудиторлық қорытындысын бекіту туралы отырысын қашықтықтан өткізуге шешім қабылдап, өткізді.
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған Тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудит Жалағаш ауданының 12 коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2020 жылдың 20 қаңтарынан – 27 ақпан айы аралығында жүргізілді.
Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі 15366730,3 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер 2476432,8 мың теңге.
Аудит объектілерінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқада заңдылықтарының нормалары сақталмауынан 790759,9 мың теңге қаржылық бұзушылықтар жол берілген. Рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 42 бірлікті құрады. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 19223,4 мың теңгесі бюджетке өтелуге, 771536,5 мың теңге қалпына келтіруге жатады.
Аудит барысында анықталған қаржылық бұзушылықтың 5636,2 мың теңгесі аудандық бюджеттің кірісіне өндірілсе, 676,0 мың теңгесі бухгалтерлік анықтамамен қалпына келтірілген.
Аудит объектілері негізінен шығыстарды жоспарлау, бухгалтерлік есепті жүргізу, жалақыны есептеу және төлеу, мемлекеттік мүлікті басқару, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу кезінде бұзушылықтарға жол беріледі. Аудиторлық іс-шара барысында анықталған кемшіліктер мен бұзушылықтар жүйелі түрінде қайталанады.
Анықталған бұзушылықтарды талдау барысында олардың көпшілігінің бірдейлігі анықталды, бұл бухгалтерлік есепті жүргізуді, жалақыны, қосымша ақылар мен үстемеақыларды дұрыс есептеу және әлеуметтік аударымдарды уақытылы аудармау бағыттарына бақылауды күшейту қажеттігін көрсетеді.
Сонымен қатар Тексеру комиссиясының қышықтықтан өткізілген отырысына дейін 7 мекеме бойынша Аудиторлық есептердегі анықталған бұзушылықтар бойынша атқарылған іс-шаралар туралы және жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қараған жөнінде ақпараттары ұыснылып жіберілген кемшіліктері үшін 7 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Бақылау нәтижесі бойынша Жалағаш ауданының бюджет қаражатын, оның ішінде аумақтарды дамыту бағдарламасы шегінде бөлінген қаражатты пайдаланудың тиімділігін және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың мемлекеттік аудиті іс-шарасы бойынша дайындалған аудиторлық қорытынды бекітілді.