Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында Сырдария ауданы бойынша аудиторлық іс-шара қорытындысын қарау отырысы қашықтықтан өтті

Аудиторлық іс-шаралар Жаңалықтар

«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес Сырдария ауданының даму бағдарламасының іске асырылуына бағалау, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджет қаражатын және мемлекеттік активтерді пайдалануына мемлекеттік аудит іс-шарасымен мемлекеттік аудит аудандық мәслихат, аудан әкім аппараты мен 13 аудандық бюджеттік бағдарлама әкімшісіне 2020 жылдың 20 қаңтары мен 28 ақпан аралығында жүргізілді. Мемлекеттік аудитпен қамтылған қаражат көлемі 13688948,1 мың теңгені, оның ішінде республикалық бюджеттен берілген нысаналы трансферттер 2941878,0 мың теңгені, бюджеттік кредиттер 426541,4 мың теңгені құрады.
Аудит обьектілерінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқада заңдылықтарының нормалары сақталмауынан 75492,6 мың теңгенің жалпы бұзушылықтары анықталды, оның 75492,6 мың теңгесі қаржылық бұзушылықтар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың саны 62 бірлікті құрады. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың 7232,1 мың теңгесі бюджетке өтелуге, 68260,5 мың теңгесі қалпына келтіруге жатады.
Аудит барысында анықталған қаржылық бұзушылықтың 1522,2 мың теңгесі аудандық бюджеттің кірісіне өндірілсе, 65010,5 мың теңгесі бухгалтерлік анықтамамен қалпына келтірілген.
Мемлекет аудит қорытындысымен 8 істе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері байқалғандықтан 4 аудит обьектісінің аудит материалдары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайтын уәкілетті органдарға жолданды.
Сонымен қатар Сырдария ауданының әкімінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы №9 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар бөлінісінде автокөлікті бөлу, сондай-ақ, олар бойынша жүру лимитін айқындау туралы» шешімі өзгерістер жасауға және Сырдария аудан әкімдігі 2019 жылғы 19 желтоқсанындағы №278 «Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға автокөлік құралының тиесілік нормативі мен олар бойынша жүру лимитін бекіту туралы» қаулысының күшін жоюға ұсыныс берілді.
Осы аудиторлық іс шара бойынша 2020 жылдың 20 наурызында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өткізілді. Отырыста іс шараның Аудиторлық қорытындысы бекітілді.
«Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аудит материалдарында қылмыстық құқық бұзушылық белгілері байқалғандықтан аудит материалдары құқық қорғау органына жолданатын болды.
Анықталған бұзушылықтарды және оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, бұзушылықтарға жол бергендерге жауаптылық шараларын қолдану үшін аудит обьектілеріне Нұсқама, ал аудан әкіміне Аудиторлық қорытынды жолданды.