Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында отырыс өтті

Аудиторлық іс-шаралар Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 30 қаңтарында Қызылорда облысы ойынша тексеру комиссиясының тексеру комиссиялары А.Садуақасова мен Р.Мұсабековтің басшылығымен өткізілген жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарына бөлінген қаржылардың пайдаланылуына аудит жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары қаралған болатын.
Бірінші мәселе бойынша: Аудан бюджетіне түсетін түсімдердің толықтығы мен уақытылығына, жергілікті бюджетке қате (артық) төленген соманың қайтарылуына, есепке алудың дұрыстығына мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.
Мемлекеттік аудит іс шарасы 2019 жылдың 17 қарашасынан 2020 жылдың 10 қаңтар айы аралығындағы мерзімде сәйкестік аудит типімен Жаңақорған және Қазалы аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларында жүргізілді.
Мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша жергілікті бюджетке түсетін салықтық түсімдердің болжамды көрсеткіштерінің орындалуы байқалады.
Дегенмен, Басқармалармен жылдық болжамды артығымен орындағанымен жекелеген сыныптамалар бойынша 101201 «Төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы», 103101 «Әлеуметтік салық», 104309 «Елді мекендердің жерлеріне алынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы», 104101 «Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық» 104102 «Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық», 104401 «Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық», 105502 «Тіркелген салық», 105315 «Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем» орындалмаған.
Жаңақорған ауданы бойынша 104102, 104309, 105284,105315 және 105502 сыныптамалары бойынша басқарманың жоспарды орындауға, яғни аталған салықтар бойынша төленбеген салықтарды, төлемдерді өндіру арқылы және қосымша резерв көздерін табу арқылы жоспарды орындауға толық мүмкіндігі болған.
Мемлекеттік аудит барысында аудитпен қамтылған Басқармалар тиісті деңгейде салықтық есеп берудің деректері өкілетті мемлекеттік және жергілікті органдарының мәліметтерімен, салық төлеушілердің дербес шоттарымен тиісті деңгейде салыстыру жүргізілмегені анықталды.
Жергілікті бюджеттегі салықтық төлемдерге, есептеуге және есепке алуға салықтық бақылау жүзеге асырылмау, салық төлеушілермен уақытылы салықтық есеп беру мен төлемдерді ұсынбаудың салдарынан мемлекеттік аудитпен салықтық есеп берудің нысанын дұрыс толтырмау, жергілікті бюджетке салықтық және басқа да төлемдерді толық есептемеу, салығын есептемей нөлдік көрсеткішпен тапсырып, бет есебінде артық төлем қалыптасқаның салдарынан салық сомасының азаю (төлемеген) фактілері анықталды.
Сонымен қатар, мемлекеттік аудит жүргізу барысында салық есептілігін ұсыну жолымен есепті тоқсанның соңында салық берешегінің сомасын азайту фактілері анықталып, есепті кезеңнен кейін салық төлеушілер азайтылған сомалар бойынша қосымша салық есептілігін табыс етіп, салық берешегі қалпына келтірілген. Яғни, бересісі туындаған салық төлеушілер тиісті салығын мерзімінде төлемеу және жауапкершілікке тартылмау мақсатында осындай шараларға жол беретіндігі байқалып отыр.
Әрекетті салық төлеушілердің Басқармаларда саны 85-100 пайыз болғанымен тіркелген бақылау кассалық машиналардың саны өте аз. Ал, бақылау кассалық машиналарды пайдаланбай қолма-қол ақшамен есеп айырсу (белгілі бір санаттағы салық төлеушілерді қоспағанда), кірістерді жасыруға, салықтарды төлемеуге әкеліп соқтырады, нәтижесінде бұл түтастай көленкелі экономиканын өсіуіне жол береді.
Басқармалардың лауазымды тұлғаларымен салықтық бақылауды жүзеге асыру бойынша салық органдарына жүктелген міндеттерді толық көлемде атқармауы, Қазақстан Республикасының салық заңнамаларын бұзуға, сондай-ақ жергілікті бюджетке кіріс түсімдерінің толық түспеуіне әкеп соқтырды.
Салық және өзге де заңнаманы бұзушылықтардың жалпы сомасы Жаңақорған (3674,6 мың теңге) және Қазылы (759,2 мың теңге) кірістер басқармалары бойынша 4433,8 мың теңге қаржылық пен рәсімдерді орындау тәртібінде 23 (19+4) бұзышылықтар анықталды.
Анықталған қаржылық бұзушылықтардың өтелуге жататыны 4433,8 мың теңге. Мемлекеттік аудит жүргізу барысында және тексеру комиссясының отырысы өткізгелгенге дейін 2585,5 мың теңге бюджетке өндірілді.
Отырыс қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды және оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жоюға, бұзушылықтарға жол бергендерге жауаптылық шараларын қолдану үшін аудит объектілеріне тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.
Екінші мәселе бойынша: Қазалы ауданының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарына бөлінген қаржылардың пайдаланылуына аудит жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы қаралды.
Мемлекеттік аудит іс-шарасы Қазалы ауданының 16 жергілікті атқарушы органдарына (11 аудандық бөлім, аудандық әкім аппараты, 4 қала, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты) 2019 жылдың 18 қараша мен 27 желтоқсан аралығында жүргізілген.
Мемлекеттік аудит іс-шарасымен аудандық бюджеттен жергілікті атқарушы органдарға бөлінген 37261640,2 мың теңге қаражаты көлемі қамтылған, оның ішінде республикалық бюджеттен берілген қаражат сомасы 9673073,4 мың теңге құраған.
Аудит объектілерінен мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқада заңнамалардың нормалары сақталмағандығынан 7016522,9 мың теңгенің қаржылық, 95 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтары анықталған. Тиімсіз пайдаланылған қаражат сомасы 64567,6 мың теңге. Тиімсіз жоспарланған қаражат сомасы 5561,5 мың теңге. Анықталған бұзушылықтардың ішінде бюджетке өтелуге жататыны 15871,71 мың теңге және қалпына келтірілуге тиіс 7000648,6 мың теңге құрады.
Мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджетке өтелгені 630,6 мың теңге, калпына келтірілгені 6998809,9 мың теңге.
Мемлекеттік аудит нәтижелерімен құқық қорғау органдарына 2 материал, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілеттік берілген органдарға барлығы 93 материал ұсынылып, нәтижесінде 78 материал бойынша аудит объектісінің лауазымды тұлғалары «ескерту» түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылған, 4 лауазымды тұлғаға қатысты 238590,0 теңге әкімшілік айыппұлдар салынып, толығымен бюджетке өндірілген. Бес материал бойынша Қазалы аудандық мемлекеттік кірістер басқармасымен ҚР ӘҚБтК-нің 91,92,92-1-баптарының ескертпелеріне сәйкес әкімшілік жаза қолданылмаған, 6 материал қаралу барысында. Сот органдарына материалдар жолданбаған.
Жүргізілген мемлекеттік аудиттің аудиторлық есептері бойынша дайындалған аудиторлық қорытынды Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылғы 30 қаңтардағы №1 қаулысымен бекітілген.
Анықталған бұзушылықтарды жою, алдағы уақытта болдырмау мақсатында бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғаларға жауаптылық шараларын қолдану үшін 16 аудит объектілеріне 16 Нұсқамалар ресімделіп, жолданды.