Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында қашықтықтан кезекті отырыс өтті

Аудиторлық іс-шаралар Жаңалықтар

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің №1028-Д//20-1241 хатына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қарым-қатынастарын шектеу мақсатында Арал ауданының жергілікті (аудан) бюджетінің жоспарлануын және атқарылуын, аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалауға жүргізілген мемлекеттік аудиттің аудиторлық қорытындысын, Қармақшы ауданының 2019 жылғы бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуына және бюджеттен бөлінген қаражатының, мемлекеттік активтерінің пайдалануына мемлекеттік аудиттің аудиторлық қорытындысын бекіту және Жаңақорған ауданының 4-деңгейлі бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік ұйымдарына бюджеттен берілген қаражаттардың пайдалануына және мемлекеттік активтерінің басқарылуына мемлекеттік аудит есебін, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен жергілікті атқарушы органның 2019 жылға арналған Қызылорда қалалық бюджеттің және ауылдық округтерінің бюджеттерің атқарылуы туралы есептерін қарау туралы отырысын қашықтықтан өткізуге шешім қабылданып, өткізді.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша іс-шараларды тексеру комиссиясының мүшесі Мұсабеков Роман Темірбекұлы, Садуақасова Айгүл Аманханқызы, Ильясов Талғат Ибрагимұлы, Сатлабаев Мирамбек Ахметұлының басшылықтарымен жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, тексеру комиссиясының мүшелерімен ұсынылған баяндамалары мен материалдарымен қызметтік жазба ретінде таныстырлды.
Қашықтықта өткізілген отырысқа Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшелері Садуақасова Айгүл Аманханқызы, Мұсабеков Роман Темірбекұлы, Ильясов Талғат Ибрагимұлы, Сатлабаев Мирамбек Ахметұлы қызметтік жазба түрінде өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Жоғарыда аталған іс шаралар бойынша дайындалған Аудиторлық қорытынды отырыстың қаулылармен барлық мүше келісіп, хабарламалар негізге алынып, қаулы жобалары бекітілді.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласының мәслихатына Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясымен жергілікті атқарушы органның 2019 жылға арналған Қызылорда қалалық бюджеттің және ауылдық округтерінің бюджеттерің атқарылуы туралы есебі және Жаңақорған ауданының мәслихатына Жаңақорған ауданының Жаңақорған мен Шалқия кенті, Аққорған, Ақкүйік, Бесарық, Жаңарық, Келінтөбе, Қожакент, Сунақата, Сүттіқұдық, Төменарық ауылдық округі бюджетінің атқарылуы туралы есептері ұсынылды.