Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында қашықтықтан отырыс өтті

Аудиторлық іс-шаралар Жаңалықтар

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің №1028-Д//20-1241 хатына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қарым-қатынастарын шектеу мақсатында Қызылорда облысының даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау, 2019 жылғы облыстық бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуына және облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау мен қаржы басқармаларына бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит іс-шарасының аудиторлық қорытындысын бекіту және Қазалы ауданының 2019 жылға арналған жергілікті бюджетінің жоспарлануын және атқарылуын, аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуын бағалау және Қазалы ауданының 4-ші деңгейлі бюджетке жататын «Қазалы қаласының, Әйтеке би кентінің, Аранды, Майдакөл ауылдық округтерінің 2019 жылға арналған бюджеттерінің жоспарлануын және атқарылуын бағалау» сараптамалық-талдамалық іс-шарасының нәтижелерімен дайындалған жиынтық есебін талқылау туралы отырысын қашықтықтан өткізуге шешім қабылдап, өткізді.
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының Мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған Тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудит Жалағаш ауданының 12 коммуналдық мемлекеттік мекемесіне 2020 жылдың 20 қаңтарынан – 27 ақпан айы аралығында жүргізілді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша іс-шараларды тексеру комиссиясының мүшесі Ильясов Талғат Ибрагимұлының басшылығымен жүзеге асырылған.
Бірінші мәселе бойынша,Қызылорда облысының даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау, 2019 жылғы облыстық бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуына және облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау мен қаржы басқармаларына бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит іс-шарасымен мемлекеттік аудит «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мен «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемелеріне 2020 жылдың 13 наурызы мен 03 сәуір аралығына жүргізілді. Мемлекеттік аудитпен Қаржы мен Экономика басқармасының бюджеттік бағдарламаларына жоспарланған 908937,9 мың теңге қаражат қамтылған, оның ішінде республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері 22104,7 мың теңге.
Мемлекеттік аудит жүргізумен қолданыстағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің және бюджет заңдылықтарының нормалары сақталмауынан 2019 жылғы облыстық бюджетті жоспарлау кезінде 2, облыстық бюджеттің атқарылуы кезінде 2 және Қаржы басқармасы бюджет қаражатын пайдалану кезінде 2, барлығы 6 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар орын алғаны анықталған.
Қорытындылай келгенде жоғарыда атап көрсетілген бұзушылықтар облыстық бюджетті жоспарлаумен айналысатын лауазымды тұлғалар мен бірқатар бюджеттік бағдарлама әкімшілерімен қолданыстағы заңдылықтардың сақталмауына жол берілгендіктен орын алып отыр деп есептейміз.
Қызылорда облысының даму бағдарламасының іске асырылуын бағалау, 2019 жылғы облыстық бюджеттің жоспарлануы мен атқарылуына және облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау мен қаржы басқармаларына бөлінген қаражаттың пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит іс-шарасы бойынша дайындалған аудиторлық қорытынды жобасын Тексеру комиссиясының отырысында қаралып бекітілді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша іс-шараларды тексеру комиссиясының мүшесі Мұсабеков Роман Темірбекұлының басшылығымен жүзеге асырылған.
Екінші мәселе бойынша, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Қазалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» және «Қазалы ауданық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемелерінің мәліметтері негізінде 2019 жылға арналған Қазалы ауданы бюджетінің және 4-ші деңгейлі Қазалы қаласының, Әйтеке би кентінің, Аранды, Майдакөл ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуына сараптамалық-талдамалық іс-шарасы жүргізілген.
Жалпы 2019 жылға арналған Қазалы ауданы бюджетінің атқарылуы ауданның негізгі макроэкономикалық көрсеткіштеріне оң әсерін тигізген.
Дегенмен, ауданның 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының 2019 жыл 2 нысаналы индикаторына қол жеткізілмеген.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің дебиторлық және кредиторлық берешектерінің көлемдері өткен жылдары қалыптасып, 2019 жылы өтелмеген. Бұл жағдайлар дебиторлық және кредиторлық берекшектерді басқаруда өткен жылдарғы берешектердің қалыптасуына және есепті жылы олардың өтелмеуіне жол берілгендіктен аудандық бюджеттік бағдарламала әкімшілері және бюджетті атқару бойынша жергілікті уәкілетті орган тараптарынан баса назар аудару керектігін байқатады.
2019 жылға арналған Қазалы қаласы бюджетінің кірістері мен шығыстары бойынша параметрлері толық көлемде орындалған. Жалпы кірістері бойынша бюджеттің атқарылуы 100 пайыздан кем болмағанымен, салықтар түрлері бойынша сапалық талдауда бір салық бойынша атқарылуы төмен көрсеткіште екендігін атауымыз қажет.
Бөлінген бюджет қаражатын игеру 99,9 пайызға атқарылған.
Қала бюджетінің атқарылуы барысында қолданыстағы заңнама талаптарының орындалмауы орын алған.
Жоғарыда аталған ескертпелерді назарға ала отырып, Қазалы қаласының 2019 жылға арналған қала бюджетінің атқарылуын қанағаттанарлық деп бағалауға болады.
2019 жылға арналған Аранды ауылдық округі бюджетінің кірістері мен шығыстары бойынша параметрлері толық көлемде орындалған. Жалпы кірістері бойынша бюджеттің атқарылуы 100 пайыздан кем болмағанымен, мүлік салығы мен жер салығы сәйкесінше 99,8 және 89,6 пайызға атқарылған.
Бөлінген бюджет қаражатын игеру 99,8 пайызға атқарылған, өткен жылы 100,0 пайыз болған.
Жоғарыда аталған ескертпелерді назарға ала отырып, Аранды ауылдық округінің 2019 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуын қанағаттанарлық деп бағалауға болады.
2019 жылға арналған Майдакөл ауылдық округі бюджетінің кірістері мен шығыстары бойынша параметрлері толық көлемде орындалған. Жалпы кірістері бойынша бюджеттің атқарылуы 100 пайыздан кем болмаған.
Бөлінген бюджет қаражатын игеру 99,9 пайызға атқарылған. Көрсеткіш өткен жылдың деңгейінде сақталып отыр.
Жоғарыда аталған ескертпелерді назарға ала отырып, Майдакөл ауылдық округінің 2019 жылға арналған ауылдық округ бюджетінің атқарылуын қанағаттанарлық деп бағалауға болады.