Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында қашықтықтан отырыс өтті

Аудиторлық іс-шаралар Жаңалықтар

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің №1028-Д//20-1241 хатына сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің қарым-қатынастарын шектеу мақсатында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының арналған Қармақшы ауданының 4-деңгейлі бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік ұйымдарына бюджеттен берілген қаражаттардың пайдалануына және мемлекеттік активтерінің басқарылуына мемлекеттік аудит есебін қарау және Шиелі ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асыруына және 2019 жылғы аудан бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуына сараптамалық-талдау жүргізу қорытындысын тыңдау туралы отырысын қашықтықтан өткізуге шешім қабылданып, өтті.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша іс-шараларды тексеру комиссиясының мүшесі Садуақасова Айгүл Аманханқызының басшылығымен жүзеге асырылған.
Бірінші, Қармақшы ауданының 4-деңгейлі бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік ұйымдарына бюджеттен берілген қаражаттардың пайдалануына және мемлекеттік активтерінің басқарылуы есебін тыңдалды.
2019 жылы аудан кірістері мен шығыстары бойынша негізгі параметрлері орындалғанымен бірқатар бұзушылықтар мен кемшіліктер орын алған.
Қармақшы ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыруда 2019 жылдың қорытындысымен 3 нысаналы индикаторға қол жеткізілмеген.
2019 жылғы Қармақшы аудандық бюджеттің әзірленіп қалыптасуы, жоспарлануы мен нақтылануы кезінде қолданыстағы Бюджет кодексінің бірқатар талаптарын бұза отырып жүргізгеннен қалыптасқан.
Қармақшы аудандық бюджеті бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарындағы атқару есебі бойынша дебиторлық 6428,9 мың теңге және кредиторлық 6916,1 мың теңге берешектер қалыптасқан.
Дебиторлық берешектің қалыптасуы жылда қайталанып отыр. Дебиторлық берешектің қалыптасыуы жүйелі түрде қайталану және пайда болу себептері, коммуналдық қызметтердің өнім берушілері мекемелердің пайдаланылған қызметтің орындалу актісі мен шот фактурасын әр айдың басында ұсынып отыруға сәйкес желтоқсан айының коммуналдық қызметінінің орындалу актілері қантар айында ғана ұсынылған, осыған сәйкес желтоқсан айына қаралған қаражатты алдын ала төлеуге мекемелер тарапынан мәжбүр болғаны және коммуналдық қызметтерге кредиторлық қарыздар болмау үшін да алдын да алдын ала төлеуге мәжбүр болатыны байқалып отыр.
Екінші, Шиелі ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асыруына және 2019 жылғы аудан бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуына сараптамалық-талдау қорытындысын тыңдалды.
Есепте түсімдер мен шығыстар бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуына, 2016-2020 жылдарға арналған Шиелі ауданының даму бағдарламасын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттарының жүзеге асырылуына талдау (2019 жылға), бюджетті жеке бағыттар бойынша жүзеге асыру нәтижелеріне қол жеткізуді бағалау келтірілген.
2019 жылғы тексеру комиссиясы қызметінің нәтижелері келтірілген, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін басқару тетіктерінің тиімділігін арттыру, бюджет процесіне қатысушылардың қаржылық тәртібін арттыру бойынша негізгі қорытындылар мен ұсынымдар тұжырымдалды.
Есеп жергілікті атқарушы органның есепті кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есебінің талдауын, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы жүргізген сараптамалық-талдау нәтижелерін ескере отырып жасалды.
2019 жылы аудан кірістері мен шығыстары бойынша негізгі параметрлері орындалған.
Аудан бюджетінің шығыстар бойынша атқарылуы 99,6 пайыз құрап, 73058,9 мың теңгесі игермілген.
Сонымен қатар, Шиелі аудандық бюджеті бойынша 2020 жылдың 1 қаңтарындағы атқару есебі бойынша дебиторлық 661,1 мың теңге және кредиторлық 217,8 мың теңге берешектер қалыптасқан.
Дебиторлық берешектің қалыптасуы жылда қайталанып отыр. Дебиторлық берешектің қалыптасыуы жүйелі түрде қайталану және пайда болу себептері, коммуналдық қызметтердің өнім берушілері мекемелердің пайдаланылған қызметтің орындалу актісі мен шот фактурасын әр айдың басында ұсынып отыруға сәйкес желтоқсан айының коммуналдық қызметінінің орындалу актілері қантар айында ғана ұсынылған, осыған сәйкес желтоқсан айына қаралған қаражатты алдын ала төлеуге мекемелер тарапынан мәжбүр болғаны және коммуналдық қызметтерге кредиторлық қарыздар болмау үшін да алдын да алдын ала төлеуге мәжбүр болатыны байқалып отыр.