Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясына 10 жыл

Жаңалықтар пресс релиз фотогалерея

Осыдан 10 жыл бұрын Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2011 жылғы 2 мамырдағы «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» N67 Жарлығымен штат жағы санынан 33 бірлікті құрайтын Сыртқы қаржылық бақылау жүйесінің жұмысын реттеп, жергілікті жердегі бюджеттің кірісі мен шығысының орындалуына баға беретін осы өңірдегі Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы мемлекеттік органы құрылған болатын.
2016 жылдың 15 қарашада «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заң қабылданып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі қалыптастырылып, жоғары органы болып Есеп комитеті белгіленіп Тексеру комиссиясының құзыреті бекітілген.
Тексеру комиссияларын құрудың негізін қалаған Есеп комитеті екенін айтып өткен ләзім. Сондай-ақ, Есеп комитеті тексеру комиссияларының әдіснама, біліктілігін арттыру және қайта даярлаумен қызметін үнемі үйлестіріп отырады. Соның нәтижесінде ең басты мақсат – қолайлы климатты қамтамасыз етіп, тиімді әдіспен сапалы жұмыстың арқасында жыл сайын негізгі көрсеткіштер көлемі артып келеді.
Бүгінгі күні, Тексеру комиссиясының штат құрамында барлығы 33 мемлекеттік қызметшілер қызмет атқарады. Оның ішінде: 16 мемлекеттік қызметшілер «Мемлекеттік аудитор» сертификатын алған, соның ішінде 17 мемлекеттік қызметшілер «Жоғары санатты мемлекеттік аудиторы» сертификатын иеленгені. Барлық қызметкерлер материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.
Биыл Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Тексеру комиссиясын құру және оның тәуелсіз және дербес мемлекеттік орган ретіндегі мәртебесін айқындау мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін жетілдіру және нығайту қажеттігімен ерекшеленді. Дәл осы жылдары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының бірыңғай кешенді жүйесі қалыптасты, халықаралық стандарттар бойынша жұмыстың сапалы жаңа деңгейіне көшу жүзеге асырылды, аудиторлық және сараптамалық-талдау қызметінің қазіргі заманғы нысандары мен әдістері енгізілді, заңнамалық және әдіснамалық база жетілдірілді, кадрлық әлеует құрылды. Қалыптасудың күрделі жолынан өтіп, үлкен жұмыс атқарғаннан кейін, Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы оның төрағасы Сауле Ибрагимқызы Құлымбетованың басшылығымен бюджет қаражатын пайдалануды қорғауда тұрған және мемлекеттік аудит органдары арасында лайықты орынға ие болған пәрменді, нәтижелі, сұранысқа ие бақылау органы ретінде өтті.
Тексеру комиссиясының құрамы көп жылдық тәжірибесі бар және экономика, қаржы, құрылыс салаларында жұмыс істеу дағдылары бар білікті қызметкерлерден қалыптастырылды, бұл өз кезегінде қалыптасу және даму жылдарында қойылған міндеттерді тиімді және сапалы орындауға мүмкіндік берді.
Тексеру комиссиясының атқаратын функциялары мен өкілеттіктері оның қызметкерлерінің кәсіби білім деңгейіне, іскерлігіне және дағдыларына, оның ішінде халықаралық практика бойынша да жоғары талаптар қояды. Осылайша, CIPFA халықаралық сертификаттарына ие болған қызметкерлердің үлесі жалпы санының 72% құрайды.
Іс-шарада «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясына 10 жыл» атты кітабының тұсау кесері болды.