Республикалық «Birge: Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы бойынша сенбілік өтті.

Жаңалықтар

Сенбілік — қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор. Таза ортаның тынысы кең демекші, үрдіске айналған сенбілік қаламыздың көркеюіне көп үлесін қосатыны мәлім.
Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері республикалық «Birge: Taza Qazaqstan» экологиялық акциясы аясында қаламыздың Асқар Тоқмағанбетов көшесінде (Жаңқожа батыр көшесінен Жүнісов көшесіне дейінгі аралық) 2022 жылдың сәуір айының 9 күні сенбілік өткізіп, санитарлық- тазалық жұмыстарын жүргізді.