Мерекелік шара қарсаңында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметкерлері марапатталды

Жаңалықтар

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы С.Құлымбетова ұжым қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап хабарлама жасады.
Осы ретте, жыл көлемінде тексеру комиссиясы қызметінің алға басуына қосқан үлесі, осы уақытқа дейін сіңірген еңбегі, қаржылық жолсыздықтың алдын алудағы, жолын кесудегі белсенді қызметі үшін ұжымның 2 қызметкеріне Есеп комитетінің III-дәрежелі «Қаржы сақшысы» төс белгісі мен 4 қызметкеріне Қызылорда облысы әкімдігінің «Алғысы» табысталды.