Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, соның ішінде концессиялық жобалардың іске асырылу тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері туралы

Аудиторлық іс-шаралар Жаңалықтар пресс релиз

Мемлекеттік аудит іс-шарасы «Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы», «Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы», «Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы», «Қызылорда облысының білім басқармасы», «Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы», «Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы», «Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы», «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» және «Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы» мемлекеттік мекемелерінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан 2020 жылдың 30 қыркүйегін қоса алғандағы кезең аралығына 2020 жылдың 11 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында жүргізілген.
Мемлекеттік аудитпен барлығы 3 934 452,3 мың теңге бюджет қаражаты қамтылған. Бсқармалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудиттелген кезеңде барлығы 39 жобаны іске асырған.
Мемлекеттік аудит нәтижелерімен қолданыстағы заңнама нормалары сақталмауынан барлығы 875 160,2 мың теңге қаржылық және 16 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар мен 1 жүйелі кемшілік анықталған. Тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражаты 298,0 мың теңге құраған. Анықталған қаржылық бұзушылықтардың өтелуге жататыны 532,5 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 874627,7 мың теңге.
Аудит нәтижесі көрсеткендей, заң бұзушылықтар басқармалар тараптарынан келесі себептерге байланысты орын алғанын байқауға болады: аудит объектісінің жауапты қызметкерлерінің қолданыстағы заңнамалардың талаптарын толық білмеуінен, оларды сақтамауынан, жекеше әріптестердің сақтауын талап етпеуінен, жекеше әріптестер тараптарынан шарт бойынша міндеттемелерін уақытылы орындамауынан, шарт талаптарына жете мән бермуінен, жобаларды жоспарлау мен әзірлеуде тиімділік қағидатын ескермеуден, бюджет мүмкіндіктерін дұрыс бағаламаудан орын алған.
Аудит қорытындысымен бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне заң бұзушылықтарды алдағы уақытта болдырмау және келешекте алдын алу мақсатында анықталған қаржылық бұзушылықтар мен заңнама талаптарының сақталмауы фактілерін талқылай отырып, жұмыстарында бұзушылықтарға жол берген басқарманың жауапты лауазымды тұлғаларына шара көруге және «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің жолданатын Нұсқамасының орындалуы жөніндегі ақпаратты растайтын құжаттарымен қоса Нұсқамада көрсетілген мерзімге жолдануын қамтамасыз ету тапсырмалары аудиторлық қорытындыны бекіту туралы 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №18 қаулының негізінде ресімделген 2020 жылғы
29 желтоқсандағы №№106,107,108,109,110,111,112 Нұсқамаларымен жолданды