Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік активтерді пайдалануы мен басқаруына мемлекеттік аудиттың аудиторлық қорытындысын қарау бойынша отырыс өтті

Аудиторлық іс-шаралар Жаңалықтар

«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының мемлекеттік активтерді пайдалануы мен басқаруына мемлекеттік аудит іс-шарасы бойынша аудит 2018-2019 жылдар аралығына тиімділік аудитімен, 2020 жылдың 20 қаңтары мен 06 ақпан аралығында жүргізілді. Мемлекеттік аудитпен қамтылған активтер көлемі 7152973,0 мың теңгені құрады.
Мемлекеттік аудит жүргізумен қолданыстағы бюджет заңдылығының нормалары сақталмауынан 2242563,7 мың теңгенің жалпы бұзушылықтары, оның ішінде тиімсіз жоспарланған активтер 1138989,0 мың теңге, тиімсіз пайдаланған активтер 1103574,7 мың теңге және 4 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтардың орын алғаны анықталған.
Байқоңыр (Байконур)» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы 2018 жылды 1544005 мың теңге зиянмен қорытындылаған.
2017 жылы іске асырылуы тиіс 3 жоба қалдық құны 208994,7 мың теңге 2019 қаржы жылында да ешқандай қозғалыс болмаған, қаражаты Қоғам шотында қалдықта қалған, 2019 жылы мәслихат шешімімен 4 жобаға берілген 2100409,0 мың теңге Қоғам шотына осы жылдың наурыз айында түскенімен 4 жобада іске асырылмаған. Себебі 2020 жылы іске асырылуға тиіс 2 жобаның қаражаты 1138989,0 мың теңге негізсіз жоспарланып берілсе, 1 жобаның 36580,0 мың теңгесі игерілмей Қоғамның шотында қалдық болып қалған, 2019 жылға Қаржылық экономикалық негіздемеде белгіленген тікелей нәтиже мен түпкілікті нәтижеге қол жеткізілмеген, құны 858000,0 мың теңге тұратын жобаға түзету жүргізіліп, құны 324500,0 мың теңгеге, іске асыру мерзімі 2020-2024 жылдарға түзетілгендіктен қалдық болып қалса, жобадан түзетумен кемітілген 533500,0 мың теңгенің 508220,0 мың теңгесі жобаның атаулылығы мен нысаналы сипаты ескерілмей мүлдем жаңа жобаға (іске асыру мерзімі 2020 жыл) бағытталып жоспарланса, 25280 мың теңгесі ешқайда бағытталмай қалдықта қалған.
Сонымен қатар Қоғам тарапынан Жекешелендірудің кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат мерзімінде берілмегені, Қоғам қызметіне жалпы басшылықты жасайтын Директорлар кеңесі қатысу тәртібімен өткен отырысында қабылданған шешімдердің хаттамасы номермен белгіленбегені, Қоғамның даму жоспарының жобасын мемлекеттік басқару органына қарауға және келiсуге жiбермегені және жобаның іске асыру мерзімі 2020 жылға белгіленген жобаның 50 пайыз қаражаты 254110,0 мың теңгенің төленуіне жол берілгені анықталған.
Қоғам бөлімдерінің атқаратын қызметтеріне талдау жасағанда күші жойылған мемлекеттік бағдарламаларды сүйемелдеу қызметі және бір қызметті бірнеше бөлімге жүктелгені анықталған.
2016-2019 жылдар аралығында кластерлік бағдарламаны жүзеге асыруға инвестициялық жобаларға берілген қаражаттар мақсатсыз жұмсалған, ешқандай жоба толықтай іске аспаған. Кластерлік бағдарлама жергілікті бюджеттен қаражат алу үшін қағаз жүзінде жұмыс жасаған, мәслихат шешімімен бөлінген қаражат басқа мақсаттарға жұмсалып келген. Қоғам кластерлік бағдарламаны тоқырауға ұшыратқан.
Осы аудиторлық іс шара бойынша 2020 жылдың 06 наурызында Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының отырысы өткізілді. Отырыста іс шараның Аудиторлық қорытындысы бекітілді.
Анықталған бұзушылықтарды және оларға итермелейтін себептерді, жағдайларды жою, бұзушылықтарға жол бергендерге жауаптылық шараларын қолдану үшін аудит обьектілеріне Нұсқама жолданды