2021 жылғы аудандық және қалалық бюджетінің жоспарлануы мен атқарылуының тиімділігіне мемлекеттік аудиттің қорытындысы туралы

Аудиторлық іс-шаралар Жаңалықтар

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған Мемлекеттік аудит обьектілерінің тізбесіне сәйкес Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған аудандары мен Қызылорда қаласының 2021 жылғы аудандық, қалалық бюджеттерінің жоспарлануы мен атқарылуының тиімділігіне мемлекеттік аудит» іс-шараларына сәйкес сыртқы мемлекеттік аудит осы аталған аудандардың және қаланың қаржы бөлімдері мен экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдеріне жүргізілді.
Сыртқы мемлекеттік аудит 2021 жылдың 1 қаңтарынан – 31 желтоқсан аралығындағы кезеңге жүргізіліп, қамтылған қаражат көлемі болмаған.
Мемлекеттік аудит қорытындысымен аудит объектілері тарапынан қолданыстағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сактамауынан барлығы 44 бірлік рәсімдік сипаттағы, тиімсіз жоспарланған 40 792,5 мың теңге бюджет қаражаты және жалпы соммасы 634 048,4 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталған.
Қаржылық бұзушылықтардың өтелуге жататыны 127 952,9 мың теңге, қалпына келтіруге жататыны 506 095,5 мың теңге. Мемлекеттік аудит барысында 123,8 мың теңге өтелсе, 506 095,5 мың теңге қалпына келтірілген.
Аудит объектілерінде анықталған бұзушылықтар жауапты қызметкерлердің бюджет заңнамасының нормативтік құқықтық актілерін толық зерделеп, сақтамайтынын көрсетеді.
Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша 5 аудан мен қала әкіміне тиісті ұсыныстар беріле отыра аудиторлық қорытынды, мемлекеттік аудит объектілеріне бұзушылықтарға жол берген тұлғаларға тәртіптік шаралар қолдану туралы нұсқамалар жолданды.