17.09.2019

Жаңалықтар

«Қызылорда  облысы  бойынша  тексеру  комиссиясы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша кездесу-семинар өтті

Қызылорда  облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Мұсабеков Роман Темірбекұлы отырысқа алғы сөзін жасап, күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндама жасаушыларға сөз берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Қызылорда облысы бойынша департаментінің  өкілі Жакудаев Нұғман Үсенұлы–Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша баяндамасын оқыды, бейнероликтерін көрсетті;

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясысының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Абсат Жандос Дәуренбекұлы –          Жемқорлық қоғам дерті туралы баяндамасын оқыды.