16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі құтты болсын!

Жаңалықтар

Құрметті әріптестер!

 

Сіздерді 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығы әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін бұл мереке әрі патриоттық деп есептеледі.
Тәуелсіздігіміздің 28 жылдық мерейтойы тұғырлы, баянды болсын! Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы, егемен еліміздің ұрпағының еңсесі биік болып, көк аспанда қасиетті көк туымыз мәңгі желбіресін!
Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күні Сіздерге игілік пен бақыт, бақ-дәулет, ырыс тілейміз. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Ізгі ниетпен,
Қызылорда облысы бойынша
тексеру комиссиясының
ұжымы