Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспары

2020 ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАР

 

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясысының

Төрағасының 2019 жылғы «___» қаңтардағы

№_____бұйрығымен бекітілген

№ _____ қосымша

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2019 жылға арналған жұмыс жоспары

 

Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Орындау мерзімі Орындауға жауаптылар
І. Бақылау және талдамалық іс–шараларды жүргізу
1 2019 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес мемлекеттік аудит жұмыстарын жүргізу Қаулылар, нұсқамалар Жыл көлемінде Комиссия мүшелері, мен бөлім басшылары, мемлекеттік аудиторлар
2 Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының қызметіне бағалау жүргізу бойынша Есеп комитетіне ақпаратты дайындау Есеп 6 ай сайын      (20 шілде, 20 қаңтарға дейін) Комиссия мүшелері, аппарат қызметкерлері
3 Аудиторлық қорытынды бекітілгеннен кейін біріңғай дерекқорға мемлекеттік аудит және сараптамалық талдау іс-шараларының нәтижелері, соның ішінде сапа бақылауы нәтижелерін ұсыну Қажеттілігіне қарай Үнемі Аудит жүргізуге жауапты бөлім, жоспарлау талдау, және есептілік бөлімі
4 Облыстық мәслихатқа 2018 жылдың қорытындысы бойынша облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды дайындау Есеп 2019 жылдың

мамыр айы

Т. Ильясов
5 2018 жылға арналған Арал аудандық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды дайындау Есеп 2019 жылдың сәуір айы Р. Мұсабеков
6 2018 жылға арналған Қазалы аудандық аудандық маңызы бар қала, кент, ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органың тиісті есебіне қорытынды дайындау Есеп 2019 жылдың  сәуір айы Р. Мұсабеков
 

7

2018 жылға арналған Қармақшы аудандық, кент, ауылдық округтерінің бюджетерінің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды дайындау  

Есеп

 

2019 жылдың сәуір айы

 

А. Сәдуақасова

8 2018 жылға арналған Жалағаш аудандық, кент, ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды дайындау Есеп 2019 жылдың сәуір айы М. Сатлабаев
9 2018 жылға арналған Сырдария аудандық, кент, ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды дайындау Есеп 2019 жылдың сәуір айы Т. Ильясов
10 2018 жылға арналған Қызылорда қалалық, кенттер, ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды дайындау Есеп 2019 жылдың сәуір айы М. Сатлабаев
11 2018 жылға арналған Шиелі аудандық, кент, ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды дайындау Есеп 2019 жылдың сәуір айы А. Сәдуақасова
12 2018 жылға арналған Жаңақорған аудандық, кент, ауылдық округтерінің бюджеттерінің атқарылуы туралы жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды дайындау Есеп 2019 жылдың сәуір айы Т. Ильясов
13 Тексеру комиссиясы анықтаған қаржылық бұзушылықтарды есепке алудың және мониторингілеу үлгі тәртібіне сәйкес есеп жүргізу Бақылау іс-шаралар бойынша жеке есеп Жыл көлемінде Барлық бөлімдер, Жоспарлау талдау, және есептілік бөлімі
14 Тексеру комиссиясының сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылаудың сапасын қамтамасыз ету және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау саласындағы заңнаманың, сондай–ақ тексеру комиссиясы үшін әзірленген құқықтық актілердің және әдіснамалық құжаттардың белгіленген талаптарын сақтауды қамтамасыз ету Сараптамалық қорытынды, аудиторлық есептер, ұсыным Үнемі Бағалау және сапа бақылауы бөлімі, Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
15 Сыртқы мемлекеттік аудитке байланысты жоспарлау мен оны жүргізуге, сонымен қатар  бұзушылықтар сыныптамасына ұсыныстар енгізіп отыру Есеп комитетіне ұсыныстар Есеп комитетінің сұратуы бойынша Комиссия мүшелері, аппарат қызметкерлері (жинақтау жоспарлау талдау, және есептілік бөлімі)
16 Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің  «Қаржылық бұзушылықтарды зерттеу жөніндегі орталығында»  біліктілігін арттыру жөнінде жұмысты ұйымдастыру Семинарға қатысу, сертификаттар Тұрақты түрде ПБҚ мен ҰЖБ
17 Тексеру комиссиясында қызметшілерді әдістемелік оқыту жөнінде жоспарға сәйкес ақппараттық оқу жұмысын ұйымдастыру Хаттама Тұрақты түрде Тексеру комиссия мүшелері, ҰЖБ
18 Жергілікті атқарушы органдарға, мемлекеттік қаржылық бақылау объектілеріне жіберілген ұсынымдар мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг пен бақылау жүргізу Ақпарат Үнемі Комиссия мүшелері және бақылау жүргізген топ жетекшілері
 

19

Мемлекеттік органдардан, бақылау объектілерінен, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, жергілікті бюджеттің атқарылуына  сыртқы бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті ақпараттарды жинақтау Ақпарат Үнемі Барлық бөлімдер
20 Тексеру комиссиясы қызметкерлеріне ай сайынғы еңбек ақыларын екі бөліп уақытылы төлеу Әр айдың 15 мен 25-не Ұйымдастыру жұмысы бөлімі
21 Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінімдер мен шығыс сметасын, Қаржы басқармасына жарты жылдық және жылдық бюджеттік есептіліктерді және Статистика, Мемлекеттік кірістер департаментіне тоқсандық, жылдық есептіліктерді тапсыру Есеп Тоқсандық, жылдық Ұйымдастыру жұмысы бөлімі
22 Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларымен тәжірибе алмасу Семинарлық оқу өткізу Жыл ішінде Ұйымдастыру жұмысы бөлімі
23 Комиссия төрағасының, комиссия мүшелерінің, аппарат басшысының тапсырмаларының орындалуына бақылауды ұйымдастыру Қызметтік жазба Тұрақты түрде Ұйымдастыру жұмысы бөлімі
24 Депутаттық сауалдармен жұмыстарды ұйымдастыру: тіркеу, жауап берілуіне бақылау жасау, талдау Қызметтік жазба Тұрақты түрде Ұйымдастыру жұмысы бөлімі
25 Тексеру комиссиясы құжаттарының үлгілерін әзірлеу, бланкілер әзіргелеуге тапсырыс беру және оларды беріп, есебін жүргізу Қажетті бланкілер дайындату Қажеттілігіне қарай Ұйымдастыру жұмысы бөлімі
26 Мемлекеттік аудитке шығатын қызметкерлерден сыбайлас жемқорлықтың алдын алу парағын жинақтау Сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу парағын жинақтау Мерзімінде Ұйымдастыру жұмысы бөлімі
27 Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімдерінің ұсыныстары негізінде 2019 жылға арналған істер номенклатурасын әзірлеу және оны Қызылорда облыстық мұрағаттар мен құжаттама басқармасымен келісу Бұйрық Қажеттілігіне қарай Ұйымдастыру жұмысы бөлімі
28 Тексеру комиссиясының  2019 жылға арналған Медиа жоспарын қалыптастыру және оның жүргізілуін ұйымдастыру БАҚ-на ақпарат, мақала, пресс-релиз, сұхбаттар,эфирлік бағдарламаларға шығу (эфирлік анықтамалар мен бейне таспаны жинақтау) Қажеттілігіне қарай үнемі Ұйымдастыру жұмысы бөлімі
29 ҚР бюджет кодексі мен ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстерінде көзделген заң бұзушылықтар анықталған жағдайда лауазымды тұлғаларға әкімшілік шара қолдану үшін хаттама толтыру және белгіленген мерзімде құқық қорғау органдарына жолдау және  ҚР Заңдарына, нормативтік құқықтық актілеріне өзгеріс енгізуге немесе толықтыруға өз құзырына кіретін сұрақтар бойынша ұсыныс беру. Хаттамалар, хаттар, ұсыныс беру Қажеттілігіне қарай Мекеме қызметкерлері мен Заңгер
30 Тәртіптік комиссияның жұмысын ұйымдастыру

 

Хаттама Қажеттілігіне қарай

 

Тәртіптік комиссия мүшелері, ҰЖБ мен ПБҚ
 

31

 

Тексеру комиссиясы төрағасының, комиссия мүшелерінің хаттамалық тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау

 

Мәлімет

 

Белгіленген мерзімдерге сәйкес

 

Бөлім басшылары, мекеме қызметкерлері

32 ҚР  Заңдарына, нормативтік құқықтық актілеріне өзгеріс енгізуге немесе толықтыруға өз құзырына кіретін сұрақтар бойынша ұсыныс беру Ұсыныс Үнемі Мекеме қызметкерлері
33 Тексеру қорытындысына сәйкес аудит объектісіне нұсқамалар әзірлеп  жіберу Ұсыным Қажеттілігіне қарай Комиссия мүшелері мен топ басшылары
34 Тексеру комиссиясына келіп түскен хаттардың уақытылы орындалуын қадағалау Жауап хаттар Үнемі ҰЖБ мен бөлім басшылары
35 Тексеру комиссиясының 2019 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту Жоспар Қаңтар Комиссия мүшелері, бөлім басшылары, жинақ ҰЖБ
36 2019 жылдың мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыру Жоспар Тиісті мерзімінде Комиссия мшелері, жинақ – Жоспарлау талдау, және есептілік бөлімі
37 Облыстың жергілікті мәслихатына және әкіміне бюджеттердің атқарылуы туралы талдамалық есептерді дайындау және ұсыну Ақпарат Есепті тоқсаннан Жоспарлау талдау, және есептілік бөлімі
38 Тәуекелдерді басқару жүйесін әзірлеп, мониторинг жүргізу және толықтырып отыру Құжаттар, есептер және мәліметтер Қажеттілігіне қарай үнемі Жоспарлау талдау, және есептілік бөлімі
39 Мемлекеттік аудит нысандары бойынша комиссия тарапынан жүргізілген мемлекеттік аудит шаралары негізінде база жасақтау, анықталған қаржылық бұзушылықтарды есепке алу Құжаттар, есептер және мәліметтер Қажеттілігіне қарай, үнемі Жоспарлау талдау, және есептілік бөлімі
ІІ. Бағалау және сапа бақылауы бөлімі, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
40 Аудиторлық іс–шараларына сараптама жүргізу Сараптамалық қорытынды Үнемі, жоспарға сәйкес Бағалау және сапа бақылауы бөлімі, құқықтық қамтамасыз ету  бөлімінің қызметкерлері
41 Қорытындылар мен нұсқамалардың жобаларының сапасын және орындалуын бақылау Сараптамалық қорытынды Үнемі БЖСББ, ҚҚЕБ қызметкерлері
42 Сапаны бақылаудың нәтижесі бойынша аудит жүргізудің әдістемелік жұмыстарын жетілдіру, аудит жүргізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу  

Ұсыным

 

Қажеттілігіне қарай

 

БЖСББ, ҚҚЕБ қызметкерлері

43 Аудиторлық есептерге бағалау жұмысын жүргізу Қорытынды есеп Үнемі БЖСББ қызметкерлері
44 Сыбайлас жемқорлық сипаттағы фактілер мәлім болған жағдайда Төрағаға хабарлау. Ақпарат Үнемі БЖСББ қызметкерлері
45 Тексеру комиссиясына келіп түскен арыз-шағымдарға уақытылы жауап берілуін бақылау Жауап хаттар Үнемі Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
46 Құқық қорғау органдарына жолданған материалдар бойынша салыстыру актілерін жасау және оның есебін тиісті мерзімдерде жолдау Салыстыру актілері мен есеп Белгіленген мерзімдерге сәйкес Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі
47 Мемлекеттік сатып алуды жүргізу Мемлекеттік сатып алу жоспары Үнемі жоспарға сәйкес Құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, ҰЖБ
48 Аудит іс-шарасының материалдарын алдын-ала бағалау, постбақылау және қорытынды бағалау жүргізу Ақпарат Есепті кезеңнен кейінгі айдың екінші айының 20 нан кешектірмей БЖСББ қызметкерлері
ІІІ. Персоналды басқару
48 Конкурстық комиссияның жұмысын ұйымдастыру, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға конкурстар өткізу Хаттама Қажеттілігіне қарай Персоналды басқару қызметі
49 Тексеру комиссиясының мемлекеттік  қызметшілерін  Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну жөнінде тиісті құжаттарды әзірлеу. Тексеру комиссиясының мемлекеттік наградаларын салтанатты түрде табыс ету рәсімін ұйымдастыру Ұсыныс хат Қажеттілігіне қарай Аппарат басшысы, Персоналды басқару қызметі
50 Еңбек және атқарушылық тәртіпті және ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларын, сондай-ақ ҚР-ның «Мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдар талаптарын қатаң сақталуын бақылау Бақылау Тұрақты түрде Бөлім басшылары мен Персоналды басқару қызметі
51 Мемлекеттік қызметкерлердің табыстары туралы декларация тапсыруы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және қадағалау Декларация 2019 жылдың 31 наурызына дейін ҰЖБ және Персоналды басқару қызметі
52 Қызметкерлерге қызметтік куәлігін рәсімдеу, есебін жүргізу Есеп Қажеттілігіне қарай Персоналды басқару қызметі
53 Мемлекеттік қызметке кіру, өткеру және тоқтату рәсімдерін сақтауды қамтамасыз ету Бұйрықтарды рәсімдеу, жеке істерді қалыптастыру, еңбек кітапшасына, қызметтік тізімдерге тиісті жазбаларды енгізу Қажеттілігіне қарай Персоналды басқару қызметі
54 Еңбек режимінің сақталуын қамтамасыз ету, мекеме қызметкерлерінің жұмысқа келу кету уақытын қадағалау және жауапты қызметкерлердің жұмыс орындарында белгісіз себептермен болмаған жағдайда, жұмыс уақытында қызметкердің жұмыс орнында болмауы жөнінде акт әзірлеп, аппарат басшысына ұсыну. Жұмыс уақытын есепке алу табелі, ақпарат Әр айдың 15-ші, 31-ші жұлдызы Персоналды басқару қызметі
55 Мекеме қызметкерлеріне ант беру рәсімін өткізу мен мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бағалау жүргізуді ұйымдастыру Бағалау қорытындысы Тоқсан, жыл сайын Персоналды басқару қызметі
56 Іссапар куәліктерін рәсімдеу, есебін жүргізу Іссапар куәлігін әзірлеу, тіркеу Тиісті мерзімінде Персоналды басқару қызметі
57 Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне бағалау жүргізуді ұйымдастыру Тиісті рәсімдерді жүргізу Тоқсан сайын, жыл сайын Комиссия мүшелері, Персоналды басқару қызметі
58 Мемлекеттік қызметшілердің еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның жұмысын ұйымдастыру Хаттама Тиісті мерзімінде Комиссия мүшелері, Персоналды басқару қызметі
59 Тексеру комиссиясының бұйрықтарын «Е-қызмет», ЕСЭДО бағдарламалары бойынша жұмыстарды жүргізу Бұйрықтарды бағдарламаға тіркеу Тұрақты түрде Персоналды басқару қызметі
60 Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта даярлау жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру Тиісті рәсімдерді жүргізу Тұрақты түрде Персоналды басқару қызметі
61 Уәкілетті органға мемлекеттік қызметшілер туралы статистикалық есептер тапсыру Статистикалық есеп Мерзімінде Персоналды басқару қызметі
62 ИПГО-мемлекеттік органдардың интранет-порталында мекеме қызметшілерінің мәліметтерін өзектендіріп отыру Мәліметтер енгізу Тұрақты түрде Персоналды басқару қызметі
63 ҚР Бас прокуратурасы ҚСжАЕК «Ақпараттық қызмет» жүйесінен мәліметтер алу Тиісті рәсімдерді жүргізу Тоқсан сайын Персоналды басқару қызметі
64 Тәртіптік комиссия жұмысын ұйымдастыру Тиісті рәсімдерді жүргізу Қажеттілігіне қарай Комиссия мүшелері, Персоналды басқару қызметі
65 Әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарын дайындау, уәкілетті органмен келісу, бекіту Біліктілік талаптарын бекіту, келісу Қажеттілігіне қарай Персоналды басқару қызметі
66 Қызметкерлердің мекен–жай, телефон анықтамалығын жасау, өзектендіріп отыру Телефон анықтамалығы Тұрақты түрде Персоналды басқару қызметі
ІV. Ақпараттық жүйенің жұмыс істеуі
68 Тексеру комиссиясының интернет–ресурсының тұрақты түрде ақпарат енгізілуін жүргізу және бақылау ақпарат Тұрақты түрде Ұйымдастыру жұмысы бөлімі
69 Облыс әкімінің аппаратымен бірлесе отырып қызметкерлердің жұмыс компьютерлік жабдықтардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету Компьютерлік жабдықтардың үздіксіз жұмыс жасауы Тұрақты түрде Ұйымдастыру жұмысы бөлімі
V. №1, 2 Мемлекеттік аудит жүргізу бөлімдері
70 Өз құзыреті шеңберінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтылығы мен уақытылығының қамтамасыз етілуін, сонда–ақ жергілікті бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуына мемлекеттік аудит жүргізу Есепті кезеңге арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі Анықталған уақытында №1, 2 Мемлекеттік аудит бөлімдері
71 Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне сәйкес атқарылған жұмыстар жөніндегі есептер дайындау, мониторинг жүргізу Жазбаша түрде есеп беру Белгіленген мерзімдерге сәйкес Бөлімнің барлық қызметкерлері
72 Жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бюджет қаражаты мен мемлекет активтерінің пайдаланылуы саласындағы ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарының сақталуына мемлекеттік аудит жүргізу Есепті кезеңге арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі Жыл көлемінде №1, 2 Мемлекеттік аудит бөлімдері
73 Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың біріңғай дерекқорын қалыптастыру мен жүргізу және оның деректерін пайдалану қағидаларына сәйкес тиісті ақпаратты Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне жолдау Қажеттілігіне қарай Үнемі №1, 2 Мемлекеттік аудит бөлімдері
74 Мемлекеттік аудит объектілері жайлы мәліметтер жинақтау Белгіленген есеп алу барысында Жыл көлемінде №1, 2 Мемлекеттік аудит бөлімдері
75 Орындауға түскен хаттарды, шағымдар мен өтініштерді уақытылы қарау Хаттарға тиісті жауап және мәлімет беру Белгіленген мерзімдерге сәйкес №1, 2 Мемлекеттік аудит бөлімдері
76 Тексеру комиссиясы төрағасының, аппарат басшысының, комиссия мүшелерінің тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау Мәлімет Бөлім басшысы,   бөлім қызметкерлері №1, 2 Мемлекеттік аудит бөлімдері
77 Мемлекеттік аудит тобының жетекшісі тексеру комиссиясының аудиторлық іс–шараға жауапты мүшесімен бірге аудиторлық іс–шараның нәтижелері бойынша баспасөз релизін дайындап, аудиторлық іс–шараның нәтижелерін қарау бойынша Тексеру комиссиясының Интернет – ресурсына орналастыру немесе бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында Тексеру комиссиясы лауазымды адамдарының сөз  сөйлеуін ұйымдастыру Тексеру комиссиясының Интернет–ресурсына орналастыру немесе баспасөз релизін өткізу Бөлім басшысы,   Бөлім қызметкерлері №1, 2 Мемлекеттік аудит бөлімдері
78 Құжаттарды дайындап, оларды мұрағатқа өткізу жұмыстарын жүргізу Алыс–беріс актісі Үнемі №1, 2 Мемлекеттік аудит бөлімінің статист мамандары
79 Құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың сұраныстарына жауап беру Жауап хат Түсуіне қарай №1, 2 Мемлекеттік аудит бөлімдері
80 Құпия құжаттар және нормативтік актілермен жұмыс істеген кезде құпиялық режимінің сақталу тәртібін орындау Үнемі Үнемі №1, 2 Мемлекеттік аудит бөлімдерінің  басшылары
81 Талдау бөліміне қаржылық бұзушылықтардың есебі және мониторингі бойынша ақпарат беру. Есеп Әрбір іс–шара аяқталған соң №1, 2 Мемлекеттік аудит бөлімдері
82 Талдау, жоспарлау және есептілік бөлімімен бірге тоқсан сайын нақтыланатын аудиторлық іс–шаралардың аяқталуын ескере отырып, отырыстар өткізудің жылдық кестесін қалыптастыру Жылдық кесте Үнемі №1, 2 Мемлекеттік аудит бөлімдері
VI. Спорттық іс – шараларды ұйымдастыру
83 2019 жылғы тексеру комиссиясының қызметкерлерінің республикалық спартакиадасына қатысу Есеп комитетінің белгілеген мерзіміне сәйкес Жыл көлемінде Тексеру комиссиясының барлық қызметкерлері
84 Мемлекеттік қызметкерлерге арналған спорттық шараларға қатысу ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің белгілеген мерзімдеріне сәйкес Жыл көлемінде Тексеру комиссиясының барлық қызметкерлері

   Таныстым:

  1. Комиссия мүшелері:3. Бөлім басшылары:

Т. Ильясов _______________                                                                     Ғ. Алдоңғаров______________

М. Сатлабаев____________                                                                      М. Жумадуллаев ____________

А. Садуақасова___________                                                                     С. Шалғынбаев _____________

Р. Мұсабеков______________                                                                  С. Садыкова________________

  1. Аппарат басшысыҚ. Сейлбекова_______________

Б. Пшанов ______________                                                                      А. Искакова_________________

Ж. Аханова_________________

 

 

 

Қызылорда облысы бойынша

тексеру комиссиясы Төрағасының

2018  жылғы  27 тамыздағы

№ 04-6/46 НҚ  бұйрығымен

бекітілген

 

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының

РЕГЛАМЕНТІ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) осы Регламенті (бұдан әрі – Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қызылорда облыстық мәслихатының шешімімен бекітілген «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге және Қазақстан Республикасының өзге де құқықтық актілеріне сәйкес Тексеру комиссиясына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау процесінде оның қызметінің ішкі тәртібін реттейді.

2.Осы Регламент:

1) құпия және құпия емес іс жүргізуді ұйымдастыруға және жүргізуге, хат-хабарларды қабылдауды, өңдеу мен бөлуді жүзеге асыруға, соның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізуге;
2) бақылауда тұрған сыртқы құжаттардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың жазбаша өтініштерінің орындалуын бақылауға;

3) мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілерінің тізбесін қалыптастыруға, Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау қорытындылары бойынша отырыстарын ұйымдастыру және өткізу мәселелерін қоспағанда, мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуге, оның нәтижелері бойынша шешімдер қабылдауға және құжаттар жасауға қолданылмайды.

  1. Тексеру комиссиясында іс жүргізу тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітілетін тексеру комиссиясында іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығына сәйкес ұйымдастырылады
  2. Тексеру комиссиясының штаттық кестесі Қазақстан Республикасы Президентінің  2011 жылғы 2 мамырдағы № 67 Жарлығымен  бекітілген штат саны мен жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде айқындалады. Тексеру комиссиясының құрылымы тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.

 

 

  1. Тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастыру және оның лауазымды адамдарының өкілеттіктері

 

  1. Тексеру комиссиясы «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қызылорда облыстық мәслихатының шешімімен бекітілген «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес функцияларын, құқықтары мен міндеттерін атқарады.
  2. Тексеру комиссиясының құрылымы Төрағадан, төрт мүшеден, Тексеру комиссиясының  аппаратынан және аппарат басшысынан тұрады.
  3. Тексеру комиссиясының төрағасы және Тексеру комиссиясының мүшелері және аппарат басшысы басшылық құрамы болып табылады және Қызылорда облыстық мәслихатының шешімімен бекітілген «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеге сәйкес өкілеттіктерін жүзеге асырады.
  4. Тексеру комиссиясының Төрағасы жалпы басшылықты жүзеге асырады және Тексеру комиссиясына жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
  5. Тексеру комиссиясының мүшелері Тексеру комиссиясының аудиторлық, сараптамалық-талдау, ақпараттық және өзге де қызметiн ұйымдастырады және жүзеге асырады.
  6. Жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында тексеру  комиссиясының төрағасы Тексеру комиссиясының мүшелеріне аудит жұмысының тиісті бағыттарын бекітеді.
  7. Тексеру комиссиясының мүшесі өзіне бекітілген (жетекшiлiк ететiн) жұмыстың тиісті бағыттары бойынша мемлекеттік аудиторға мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізудің ұйымдастыруына жетекшілік жасайды, сондай-ақ  өздерi басқаратын  қызмет бағыттарының мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде дербес шешiм қабылдайды.
  8. Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараны жүргізу, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық, құқықтық, консультативтік, ұйымдастырушылық және өзге де қызметін Тексеру комиссиясының аппараты қамтамасыз етеді. Тексеру комиссиясының аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын лауазымды адамдардан тұрады. Оны аппарат басшысы басқарады.
  9. Аппарат басшысын Тексеру комиссиясының төрағасы тағайындайды және қызметтен босатады.
  10. Аппарат басшысы аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  11. Аппарат басшысының өкілеттігі:

1) Тексеру комиссиясының аппаратына жалпы басшылық жасайды, аппаратқа жүктелген мақсаттарды, жұмыстарды  іске асыруды ұйымдастырады, үйлестіреді, бақылайды.

2) Мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен және азаматтармен қызметтік  қарым-қатынастарда Тексеру комиссиясының  мүддесiн бiлдiреді;

3) Құрылымдық бөлімше басшыларының қызметін бағалауды жүргізеді;

4) Аппараттың тәртіптік комиссиясының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

5) Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін ұйымдастыру және жүргізуге жетекшілік етеді;

6) Аппарат қызметкерлеріне орындалуы міндетті нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
7)  өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;

8) Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген құзырет шегінде өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Тексеру комиссиясының қызметі Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітетін мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Есеп комитетінің сұрау салуларын, тиісті мәслихаттардың шешімдерін және Тексеру комиссиясы Төрағасының бастамасын қоспағанда, Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
  3. Тексеру комиссиясы өзiнiң қызметiн жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік аудит объектiсiнен тәуелсiз болады. Тексеру комиссиясының тәуелсiздiгi:

1) Тексеру комиссиясының қызметiне мемлекеттiк органдардың және өзге де ұйымдардың заңсыз араласуына;

2) мемлекеттiк органдардың сұрау салулары бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулердi жүргiзуге Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары мен өзге де лауазымды адамдарын тартуға жол бермеу жолымен қамтамасыз етiледi.

  1. Тексеру комиссиясының жергілікті бюджет қаражатын пайдалануын мемлекеттік бақылау және қадағалау облыстық мәслихаттың келісімі немесе тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
  2. Тексеру комиссиясының шешімдер қабылдауы отырыста алқалы түрде жүзеге асырылады.
  3. Тексеру комиссиясының отырысында мемлекеттік аудиттің қорытындылары, жоспарлау, әдiснама мәселелерi, алқалы шешiмдi талап ететiн өзге де мәселелер қаралады.
  4. Тексеру комиссиясының отырыстары ашық немесе жабық түрде өтедi. Тексеру комиссиясының шешiмдерi Тексеру комиссиясының отырысқа қатысушы құрамының жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етушi дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi.
  5. Тексеру комиссиясының отырыстарын жүргiзудiң тәртiбi, жұмысты ұйымдастыру мәселелерi және басқа да мәселелер Тексеру комиссиясының регламентiмен айқындалады.
  6. Есеп комитеті бекітетін Тексеру комиссиясының мәслихаттарға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалған нысан мен құрылымға сәйкес, Тексеру комиссиясы жыл сайын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасайды және мәслихаттардың қарауына ұсынады.
  7. Есеп комитеті бекітетін Тексеру комиссиясының Есеп комитетіне ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалатын нысан мен құрылымға сәйкес, Тексеру комиссиясы тоқсан сайын есепті кезең үшін Есеп комитетіне өз жұмысы туралы ақпарат ұсынып отырады.
  8. Аппарат қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы, сондай-ақ олардың мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен, еңбек заңнамасымен, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамамен және осы Ережемен айқындалады.

 

 

  1. Тексеру комиссиясының  қызметін жоспарлау

3.1. Тексеру комиссиясының  жұмыс жоспарларының орындалуын бақылау

 

  1. Тексеру комиссиясының жұмысы Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен бекітілетін Тексеру комиссиясының кезекті жылдық  жұмыс жоспарларына, сондай-ақ оларды іске асыру үшін Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелері әзірлеген жылдық жоспарлардың негізінде жүзеге асырады.
  2. Жылдық жұмыс жоспары Тексеру комиссиясы қызметінің жоспарланатын кезеңге арналған ағымдық міндеттері мен барлық бағыттарының негізінде осы Регламентке 1-қосымшасына сәйкес  қалыптастырылады және тиісінше есепті тоқсан аяқталғаннан кейін құжат айналымына жауапты бөліміне оның орындалуы бойынша 2-қосымшаға сәйкес нысанда есеп ұсынып отырады.
  3. Тексеру комиссиясының жылдық жұмыс жоспарының жобасы тексеру комиссиясының отырысында қаралады. Жылдық жұмыс жоспарларының жобалары мен бөлімдердің жылдық жұмыс жоспарларын бекітіп, бұйрық түрінде ресімдеу үшін тексеру комиссиясының төрағасына бекітуге жылдық жоспар – ағымдағы жыл аяқталғанға дейін он бес күн бұрын енгізіледі. Бөлімдердің жұмыс жоспарларын тексеру комиссиясының төрағасы бекітеді.
  4. Мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік сатып алу жөніндегі техникалық өзіндік ерекшеліктерді тексеру комиссиясының құрылымдық  бөлімі әзірлейді. Тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жобаларын әзірлеу тексеру комиссиясының  құрылымдық бөліміне жүктеледі.

32.Мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мемлекеттік құпияларды сақтау заңнамалар шеңберінде жүргізіледі.

 

3.2. Мемлекеттік аудит объектілерінің

тізбесін қалыптастыру және аудит жүргізу

 

  1. Мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру жұмыстары, тізбені бұйрықпен бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар еңгізу «Сыртқы  мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидасын бекіту туралы» республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті төрағасының 2015 жылғы 30 қарашадағы № 17-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген қағидаға (әрі қарай – Қағида)  сәйкес жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін Тексеру комиссиясының Интернет-ресурсына орналастыруды жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімше ол бекітілген және өзгерістер (толықтырулар) енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін бекіту туралы бұйрық тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі немесе жазбаша түрде пошта арқылы Есеп комитетіне, Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органға жіберу жүзеге асырылады.
  4. Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесіне Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Есеп комитетінің сұрау салулары, тиісті мәслихаттардың шешімдері және (немесе) Тескеру комиссиясы төрағасының бастамасы бойынша, сондай-ақ аудит, сапа бақылауын жүргізуге және жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшыларының қолдары қойылған және өзекті етілген Өтінімді, сондай-ақ өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізудің негізділігін растайтын құжаттарды (материалдарды) қоса бере отырып, Тексеру комиисиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесінің қызметтік жазбасының негізінде сыртқы  мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидаларында көзделген негіздер бойынша өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіледі.
  5. Мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты тексеру комиссиясының мүшесі аудиторлық қорытынды бекітілгеннен кейін бес күн ішінде мемлекеттік аудит, сапа бақылауын жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшелермен бірлесе отырып, жоспарлауға жауапты құрылымдық бөлімшеге мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудит және сараптамалық-талдау іс-шараларының нәтижелері, соның ішінде сапа бақылауы нәтижелерін Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың бірыңғай дерекқорына енгізу үшін ұсынылуын қадағалайды.
  6. Тексеру комиссиясының заң қызметінің қызметкері (заңгер) ол мемлекеттік аудит объектісіне шықпай (қажет болған жағдайда шығу арқылы) аудиторлық іс-шараны сүйемелдейді, мемлекеттік аудит тобы басшысының жүргізіліп жатқан мемлекеттік аудит мәселелері бойынша қажетті құжаттары қоса берілген жазбаша сұрау салуларына бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталған кезде заңнаманы қолдануға қатысты  жазбаша консультация береді.
  7. Мемлекеттік аудит тобы мемлекеттік аудит объектілерінің қызметін алдын ала зерделеуді аудиторлық іс-шараның негізгі кезеңін жүргізуді бастағанға дейін кемінде екі жұмыс күні ішінде аяқтай отырып, Мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесінде көзделген мерзімдерде жүргізеді.
  8. Аудиторлық іс шара жүргізу барысында  аудиторлық топқа (аудиторға)Тексеру комиссиясының мүшесі бекітіледі және ол мемлекеттік аудит аяқталғанға дейін жетекшілік етеді.
  9.  Аудиторлық іс-шараға (негізгі кезең) шыққанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей:

1) мемлекеттік аудит тобының жетекшісі жасап, оған мемлекеттік аудит жүргізуге, жоспарлауға, сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған және Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі қол қойған Аудит жоспары Тексеру комиссиясының Төрағасына бекітуге енгізіледі;

2) Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудит тобының қатысушылары мемлекеттік аудит объектілері бойынша жасап, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудитті жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы жинақтаған және қол қойған, жоспарлауға, сапаны бақылауға жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған Аудит бағдарламасын бекітеді;

3) Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудит тобының әрбір қатысушысына жеке-жеке жасалып, мемлекеттік аудиторлар, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудит жүргізуге жауапты құрылымдық бөлімше басшысы қол қойған Аудиторлық тапсырманы бекітеді;

4) Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі мемлекеттік аудит тобының қатысушылары жасап, мемлекеттік аудит тобының жетекшісі, мемлекеттік аудит жүргізуге, құқықтық қамтамасыз етуге жауапты бөлімшелердің басшылары бұрыштама қойған Тапсырмаларға қол қояды;

5) Персоналды басқару қызметі ішкі келісу рәсімдерінен өткеннен кейін іссапарға жіберу туралы бұйрықтарды Тексеру комиссиясының Төрағасына қол қоюға енгізеді.

  1.  Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі тікелей мемлекеттік аудит объектісінде мемлекеттік аудит жүргізудің (үстеме тексеруді қоспағанда) негізгі кезеңі басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік аудит объектісіне Қағиданың 44-тармағында көзделген нысан бойынша аудиторлық іс-шара жүргізу туралы хабарлама жібереді.
  2. Аудитор апта сайын анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктер туралы есепті және аудит аяқталғанға дейін   2 жұмыс күні бұрын аудиторлық есептің жобасын мәлімет үшін жетекшілік жасайтын комиссия мүшесіне жолдайды. Мемлекеттік аудиторлардың бастамасымен қажет болған жағдайда, аудиторлық есептің жобасы Тексеру комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен талқылануы мүмкін.
  3. Аяқталған іс шара бойынша жасалған сапа нәтижелері бойынша сараптама қорытындысына комиссия мүшесі мен мемлекеттік аудитор тікелей жауаптылықта болады. Сараптама қорытындысы комиссия мүшесі мен мемлекеттік аудитордың аудит іс шарасын алдын ала бағалау, постбақылаулық және қорытынды бағалауында ескеріледі.
  4. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобалары сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшеге жіберіледі.

Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобалары бойынша заң сараптамасы және сапа бақылауы аудит іс шарасы бойынша  бақылау объектілері саны 10-нан жоғары болған жағдайда төрт жұмыс күні ішінде,  бақылау объектілер саны 10-нан кем болғанда үш жұмыс күні ішінде өткізіледі.

  1. Аудиторлық қорытындының, Жиынтық тізілімнің және Нұсқаманың жобаларына Тексеру комиссиясының аудиторлық іс-шараға жауапты мүшесі, мемлекеттік аудитті жүргізуге, сапа бақылауына жауапты құрылымдық бөлімшелердің басшылары қолдарын қояды және бұрыштама қояды, басқа да бақылау материалдарымен, соның ішінде негізгі мемлекеттік аудит объектісі өкілінің баяндамасының (сөйлейтін сөзінің) тезистерінің жобаларымен бірге Тексеру комиссиясының отырысы өткізілгенге дейін бір жұмыс күні бұрын Тексеру комиссиясының Төрағасына ілеспе хатпен ұсынылады.

 

  1. Тексеру комиссиясының Басшылығында өтетін кеңестерді ұйымдастыру

4.1. Тексеру комиссиясының Төрағасында

өтетін аппараттық кеңестерді дайындау және өткізу

  1. Қызылорда облыстық, аудандық (қалалық) мәслихаттарға ұсынылатын тексеру комиссиясының есебі, аудит іс-шараларының нәтижелері, сондай-ақ тексеру комиссиясының құзыретіне кіретін өзге де мәселелер оның отырыстарында қаралады.
  2. Күнделікті қызметке қатысты мәселелерді тексеру комиссиясының төрағасы тексеру комиссиясының мүшелерімен бөлім басшыларының қатысуымен қарайды. Басқа қатысушыларды тексеру комиссиясының төрағасы айқындайды. Отырыстың өткізу материалдарын дайындауды тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімдері қамтамасыз етеді. Отырыстың қорытындысы тиісті хаттамамен рәсімделеді  және кеңес төрағасы мен  хатшысы хаттамаға қол қояды. Егер басшылық өзгеше белгілемесе, хаттаманы әзірлеуді кеңесті өткізуге бастама білдірген құрылымдық бөлімше ұйымдастырады.
  3. Кеңестің күн тәртібінің, кеңес хаттамасы жобасының және кеңеске шақырылғандардың тізімінің мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

қаріп – Times New Roman;

қаріптің мөлшері – 14;

жоларалық интервал – 1,0;

беттің шет сызықтары: сол жақ, жоғары және төмен – 2,5 см, оң жақ – 1,5 см.

  1. Кеңесті өткізу тәртібінің мәтіндік форматы мынадай талаптарға сәйкес ресімделеді:

қаріп – Аrial;

қаріптің мөлшері – 14;

жоларалық интервал – 1,5;

беттің шет сызықтары: сол жақ, жоғары және төмен – 2,5 см, оң жақ –                      1,5 см.

Анықтамалық ақпарат курсивпен көрсетіледі.

  1. Облыс деңгейіндегі іс-шараларды үйлестіруді тексеру комиссиясының төрағасы тексеру комиссиясы мүшелерінің біріне тапсырады. Облыс деңгейіндегі іс-шараларға дайындалып, оларды өткізу үшін жұмыс тобы құрылады, оның жұмысы тиісті іс-шаралар жоспарының негізінде ұйымдастырылады.

 

  1. 2. Тексеру комиссиясында аудит іс шаралар бойынша                              өтетінотырысты өткізу тәртібі

 

  1. Тексеру комиссиясының аудит іс-шараларының қорытындысы бойынша отырысын қажетіне қарай өткізіліп отырады.

 

  1. Тексеру комиссиясыТөрағасының бұйрықтарын

дайындау тәртібі

 

  1. Тексеру комиссиясы төрағасының бұйрықтары (бұдан әрі – Бұйрықтар) мәселелерді регламенттеу үшін шығарылады. Бұйрықтардың жобаларын персоналды басқару қызметі және тиісінше өз құзыреті шегінде құрылымдық бөлім рәсімдейді.
  2. Дайындалған бұйрықтар тексеру комиссиясының мүдделі мүшелерімен заңнамаға сәйкес келісіліп, тексеру комиссиясының төрағасына қол қоюға ұсынылады.
  3. Қажет болған жағдайда, бұйрықтардың жобаларына тексеру комиссиясының барлық мүшелері, не оларды әзірлеу құзыретіне кіретін тексеру комиссиясының мүшелері, құрылымдық бөлімдердің басшылары, оның нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігіне заңгер мен келісіледі.
  4. Тексеру комиссиясының төрағасына қарауға ұсынылардың алдында бұйрықтар жауапты құрылымдық бөлімдермен келісіледі.
  5. Тексеру комиссиясының мүшелері және бұйрықты орындауға жауапты немесе онда аты аталған құрылымдық бөлімдерінің қызметкерлері міндетті түрде оның мазмұнымен танысуы тиіс.

 

  1. Тексеру комиссиясы басшылығыныңазаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауын ұйымдастыру тәртібі

 

  1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Тексеру комиссиясында іс жүргізу жөніндегі нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылады. Тексеру комиссиясының төрағасы мен комиссия мүшелері азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды Тексеру комиссиясының Төрағасы бекіткен тоқсандық кестеге сәйкес жүзеге асырады.
  2. Кестені жасауды және бекітілуін қамтамасыз етуді құжат айналымына жауапты бөлім Тексеру комиссиясы мүшелерінің келісімі бойынша есепті тоқсанның алдындағы айдың 25-інен кешіктірмей жүзеге асырады.
  3. Құжат айналымына жауапты бөлім кестені Тексеру комиссиясының веб-сайтында, ақпараттық құралдарға жариялауды, сондай-ақ ақпараттық стендіге орналастыруды қамтамасыз етеді.
  4. Жеке қабылдауды ұйымдастыруды, азаматтарды қабылдауды есепке алу журналын жүргізуді құжат айналымына жауапты бөлім жүзеге асырады.

 

  1. Тексеру комиссиясының ресми вебсайтының, ақпараттық жүйесінің және басқа да ақпараттықанықтамалық жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету

 

  1. «www.revkom-kyzylorda.kz» ресми веб-сайты (бұдан әрі– веб-сайт) – Тексеру комиссиясының Интернет желісіндегі арнайы техникалық және бағдарламалық құралдардың көмегімен дайындалып, Интернеттің жаһандық желісі арқылы электрондық-цифрлық нысанда жалпы ақпаратты таратуға арналған электрондық өкілдік беті.
  2. Веб-сайттың жұмысын:

1) веб-сайттың жұмысын қадағалау – құжат айналымына жауапты бөлімі;

2) техникалық қамтамасыз етуді, қызмет көрсетуді, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді және оны техникалық дамытуды – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес белгіленген өнім жеткізушімен бірге құжат айналымына жауапты бөлім қамтамасыз етеді.

  1. Веб-сайттың құрылымы мен бөлімдерінің мазмұны Тексеру комиссиясы Төрағасымен келісіледі және ол қажетіне қарай өзектендіріліп отырады.
  2. Веб-сайттың дизайны мен құрылымын өзгертуді, жаңа ақпаратты орналастырып, ескісін жоюды, дерекқорды қолдануды, жаңа веб-беттерді әзірлеуді қажет еткен жағдайда құжат айналымына жауапты бөлім жүзеге асырады.
  3. Құрылымдық бөлімшелердің басшылары веб-сайтты құзыреттеріне сәйкес ақпараттық блок бойынша толтыруға жауапты орындаушыларды тағайындайды.
  4. Жауапты құрылымдық бөлімше Тексеру комиссиясы басшылығының қатысуымен маңызды іс-шара өткен кезден бастап                        2 жұмыс күні ішінде баспасөз релизін дайындайды және оны келісіп, веб-сайтқа орналастыру үшін құжат айналымына жауапты бөліміне жолдайды.
  5. Тексеру комиссиясының Қаулыларын, нұсқамаларын, аудиторлық қорытындыда мазмұндалған ұсынымдардың орындалу мониторингісі, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылауды жоспарлау, өткізу, нәтижелерін рәсімдеу Тексеру комиссиясына арналған Ақпараттық жүйесінде (әрі қарай Ақпараттық жүйе) іске асырылады.
  6. Ақпараттық жүйеге мәліметтерді енгізуді қамтамасыз ету техникалық құжаттарына сәйкес, Тексеру комиссиясының қызметкерлері іске асырады.
  7. Бағыттар бойынша ақпараттық жүйеге мәліметтердің уақтылы және толық енгізілуіне жауапкершілікті белгілеуді Тексеру комиссиясының төрағасы анықтайды.
  8. Ақпараттық жүйеге мәліметтердің енгізілуін бақылауды Аппарат басшысы және Тексеру комиссиясы бөлімдерінің басшылары қамтамасыз етеді.
  9. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша мәліметтер туралы ақпаратты Бірыңғай базаға енгізуді өз құзіреті шеңберінде Тексеру комиссиясы мүшелері мен бөлімдері қамтамасыз етеді.
  10. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау бойынша мәліметтер туралы ақпаратты Бірыңғай базаға енгізілуін бақылауды Аппарат басшысы және Тексеру комиссиясының жоспарлауға жауапты бөлімше қамтамасыз етеді.
  11. Тексеру комиссиясының ақпараттық жүйелеріне қызмет көрсету ақпараттық қауіпсіздік саясатына және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелері

туралы ережені әзірлеуді ұйымдастыру

 

  1.  Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшесі туралы ережені (бұдан әрі – Ереже) құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде салалық құрылымдық бөлімшелермен бірлесе отырып (құрылымдық бөлімшенің міндеттері мен өкілеттіктеріне байланысты), Персоналды басқару қызметі әзірлейді.
  2. Жаңа құрылымдық бөлімше құрылған кезде Персоналды басқару қызметі нормативтік құқықтық актілерге құрылатын құрылымдық бөлімше жүзеге асыруы тиіс функцияларды айқындау мәніне талдау жүргізеді. Талдауды құрылымдық бөлімше құрылғанға дейін бес жұмыс күні ішінде Персоналды басқару қызметі жүргізеді.
  3. Талдау нәтижелері бойынша құрылымдық бөлімшенің құрылымы,  міндеттері мен функцияларының тізбесі айқындалады, солардың негізінде осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымдық бөлімше туралы ереженің жобасы әзірленеді.
  4. Ереженің әзірленген жобасы үш жұмыс күні ішінде заңгермен келісіледі, ескертулер мен ұсыныстар болған жағдайда екі жұмыс күні ішінде пысықталады.
  5. Ережені бекіту заңгермен келіскеннен кейін екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Ереже жобасының әрбір бетіне Персоналды басқару қызметінің және құрылған құрылымдық бөлімшенің басшылары (не оның міндетін атқаратын адам) қол қояды. Ережені Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітеді.
  6. Тексеру комиссиясы қайта құрылғанда не құрылымдық бөлімшенің функциялары өзгерген жағдайда:

1) құрылымдық бөлімше туралы ережеге өзгерістер осы бөлімде белгіленген талаптарға сәйкес бес жұмыс күні ішінде енгізіледі;

2) ережеге өзгерістер енгізілген кезде ереже жобасының әрбір бетіне Персоналды басқару  қызметі, сондай-ақ тиісті құрылымдық бөлімшенің басшысы қол қояды.

 

  1. Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімше

қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін айқындайтын

құжаттарды дайындау

 

  1. Тексеру комиссиясы мүшелерінің лауазымдық нұсқаулықтарын дайындауды Персоналды басқару қызметі, құрылымдық бөлімше басшыларының лауазымдық нұсқаулықтарын Персоналды басқару қызметі осы басшылармен бірге құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік қызметшілердің және Тексеру комиссиясында өз функцияларын еңбек шартының негізінде жүзеге асырып жатқан қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын құрылымдық бөлімшенің тиісті басшысы құрылымдық бөлімше туралы ереже бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде дайындайды және қорытындылау үшін оны Персоналды басқару қызметіне енгізеді.
  3. Персоналды басқару қызметі лауазымдық нұсқаулықтарды Тексеру комиссиясы төрағасына бекіту үшін  бұйрық жобасын әзірлеп ұсынады.
  4. Персоналды басқару қызметі Тексеру комиссиясының қызметкерлерін – лауазымдық нұсқаулықтар қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, ал жаңадан тағайындалған қызметкерлерді қызметтеріне кіріскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде таныстыруды қамтамасыз етеді.

 

  1. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің қызметтік

куәліктерді ресімдеу, беру, есепке алу, сақтау және жою тәртібі

 

  1. Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің қызметтік куәліктерді ресімдеу, беру, есепке алу, сақтау және жою тәртібі Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасының қаулысымен бекітілген «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қағидаға сәйкес жүзеге асырылады.

 

  1. Тексеру комиссиясында мөрлер мен мөртабандарды

пайдаланубланкілер және құжаттарға

 қол қою құқығы тәртібі

 

  1. Тексеру комиссиясы мөрлері мен мөртабандарының атауы мен мақсаты, оларды пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының тиісті заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.
  2. Тексеру комиссиясының мөрлері мен мөртабандарын жауапты лауазымды адамдар қорғалған сейфтерде сақтайды.
  3. Тексеру комиссиясының фирмалық бланкілері стандартқа сәйкес әзірленіп, Тексеру комиссиясындағы іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сай беріледі. Тексеру комиссиясының фирмалық бланкісі, қаулысының, нұсқамасының, бұйрықтарының бланкісі, аудиторлық есептерінің  бланкісі, іссапар куәліктерінің бланкілері болады.
  4. Фирмалық бланкілерге қол қоюға тексеру комиссиясының төрағасының, тексеру комиссиясы мүшелерінің, тексеру комиссиясының аппарат басшысының, ал аудиторлық есептердің бланкілеріне аудит жүргізген тексеру комиссиясы қызметкерлерінің құқығы бар тұлғалар қол қояды.
  5. Тексеру комиссиясы төрағасының тиісті шешімінсіз аудиторлық есептердің көшірмесін алуға қатаң түрде тыйым салынады.
  6. Фирмалық бланкілерге қол қою құқығы бар адамдар қол қойған құжаттарға дербес жауап береді.
  7. Тексеру комиссиясы мөрлері мен мөртабандарының, сондай-ақ Тексеру комиссиясы бланкілерінің дұрыс пайдаланылуы және сақталуы үшін жауапкершілік құжат айналымына жауапты бөліміне жүктеледі.

 

 

  1. Тексеру комиссиясындағы жұмыс уақыты және

 оны пайдалану, демалыс уақыты

 

  1. Тексеру комиссиясының  жұмыс режимі:

 

1) жұмыстың басталу уақыты – 9 сағат 00 минут;

2) жұмыстың аяқталу уақыты – 19 сағат 00 минут;

3) түскі үзіліс – 13 сағат 00 минуттан 15 сағат 00 минутқа дейін;

4) жұмыс аптасының ұзақтығы – 5 күн (40 сағат).

5) сенбі және жексенбі күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мереке күндері Тексеру комиссиясы жұмыс істемейді.

Орындалуы тексеру комиссиясының және оның құрылымдық бөлімдерінің жұмысына ықпалын тигізетін шұғыл және алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындау үшін жекелеген қызметкерлер демалыс және мереке күндері жұмысқа тартылуы мүмкін. Мұндай жұмыстардың ақысы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтеледі.

  1. Аппарат қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы, сондай-ақ олардың мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен, еңбек заңнамасымен, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамамен және осы Регламентпен айқындалады.
  2. Қызметкерге еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жұмыста болмаған уақытына Қазақстан Республикасының тиісті заңнамаларында көзделген тәртіппен берілген еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парағы және (немесе) анықтамасы бар болған кезде төлем жасалады.
  3. Дәлелді себептері болған кезде қызметкерге жұмыс күні ішінде қатарынан үш және одан да көп сағатқа дейін жұмыс орнында болмауына рұқсат етілуі (келісім берілуі) мүмкін.
  4. Құрылымдық бөлімдер қызметкерлері іссапарда болған кезде аталмыш мәселе бақылауды жүргізуге жауапты тексеру комиссиясы мүшелеріне хабардар ете отырып, бақылау тобының жетекшісі қызметте белгіленген уақытпен қызметкерлердің қызметіне жауап бере отырып  персоналды басқару қызметіне  ескертуі тиісті.
  5. Еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды Персоналды басқару қызметі және тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімдерінің басшылары жүзеге асырады. Тексеру комиссиясы құрылымдық бөлімдерінің басшылары құрылымдық бөлімдердің қызметкерлерінің жұмыста уақытша болмауы туралы Персоналды басқару қызметін күн сайын 9.30-ға дейін ескертеді.
  6. Жұмыс уақыты есебінің табелі қызметкерлердің жұмыста болуы негізінде толтырылып, төраға  бекіткеннен кейін ағымдағы айдың соңғы күні құжат айналымына жауапты бөліміне жіберіледі.
  7. Күнтізбелік жыл басталғанға дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, Тексеру комиссиясы қызметкерлерінің кезекті жылға арналған еңбек демалыстарының кестесін (бұдан әрі осы бөлімде – кесте) Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітеді. Қызметкерлерге еңбек демалыстарын берудің кезектілігі осы Регламентке 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарының негізінде кестелерде айқындалып, күнтізбелік жыл басталғанға дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірілмей, жиынтықтау үшін Персоналды басқару қызметі тапсырылады.
  8. Кестені жасаған кезде құрылымдық бөлімше қызметінің ерекшелігі және қызметкерлердің пікірлері ескеріледі.
  9. Персоналды басқару қызметі бекітілген кестенің көшірмесін еңбек демалыстары бойынша қаржының қажетті көлемін жоспарлау үшін үш жұмыс күні ішінде құжат айналымына жауапты бөліміне береді.
  10. Қызметкердің Тексеру комиссиясының Төрағасына енгізілетін кезекті еңбек демалысына арналған өтініші құрылымдық бөлімше басшыларының, Тексеру Комиссиясының аппарат басшысының,  Персоналды басқару қызметі және құжат айналымына жауапты бөлім қызметкерлерінің бұрыштамаларын алу арқылы алдын ала келісілуі тиіс.

 

 

  1. Тексеру комиссиясында қызметкерлерді жұмысқа                            қабылдау және жұмыстан босату тәртібі

 

  1. Тексеру комиссиясынында еңбек тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Заңымен реттеледі.
  2. Қызметкерді жұмысқа қабылдағаннан кейін Персоналды басқару қызметі:

1) оны тағайындау туралы бұйрықпен, шарттармен және еңбекке ақы төлеумен таныстырып, қолын қойғызып алады;

     2) Мемлекеттік қызметке тағайындалған тұлғаларға «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен  көзделген белгіленген мемлекеттік қызметшінің құқықтар мен міндеттерін түсіндіреді, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді қабылдайтыны туралы оның келісімін жазбаша нысанда тіркейді. Бұл ретте қызметкерлердің нақты міндеттері бөлімдер туралы ережелерде көзделген міндеттер мен функциялардың негізінде айқындалады және лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетіледі;  

3) белгіленген үлгідегі қызметтік куәлікті, электрондық рұқсатнаманы береді;

4) қызметкерге осы Регламенттің талаптарына қатысты нұсқама өткізеді.

  1. Еңбек қатынастарын тоқтату Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрығымен ресімделеді. Бұйрықта еңбек қатынастарын тоқтату негіздері және күні көрсетілуі тиіс.
  2. Қызметкер Тексеру комиссиясымен еңбек қатынастарын тоқтатқан кезде Персоналды басқару қызметіне:

1) қызметтік куәлікті;

2) осы Регламентке 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кету қағазын;

3) Тексеру комиссиясы орналасқан ғимаратқа кіретін электрондық рұқсаттаманы тапсырады.

  1. Персоналды басқару қызметі Тексеру комиссиясының мемлекеттік қызметкерлері туралы деректерді «Е-Қызмет» ақпараттық жүйесіне енгізіп отырады.
  2. Персоналды басқару қызметі Тексеру комиссиясының қызметкерлерін электрондық телефон анықтамалығының өзектілігін қамтамасыз етіп отырады.

 

  1.  Тексеру комиссиясы қызметкерлерін қызметтік

 іссапарға жіберу және олардың қызметтік мақсатқа, соның ішінде қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберу

 

  1. Қызметкерлердің Қазақстан Республикасының шегінде қызметтік іссапарларға жіберу, қызметтік мақсатта шетелге шыққан кездегі шығыстарды өтеу, мемлекеттік бюджет қаражатының есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
  2. Тексеру комиссиясының қызметкерлерін қайта даярлауды және олардың біліктіліктерін арттыруды Персоналды басқару қызметі үйлестіреді.
  3. Персоналды басқару қызметі біліктілікті арттыру бойынша курстар (семинарлар) туралы ақпаратты ішкі таратуды қамтамасыз етеді.
  4. Қазақстан Республикасы шегінде біліктілікті арттыруға жіберу Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшелерінің қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асырылады және Тексеру комиссиясы Төрағасының тиісті бұйрығымен ресімделеді.

 

 

  1. Тексеру комиссиясында практикадан өту

 

  1. Тексеру комиссиясында практикадан өту Тексеру комиссиясы төрағасының келісімімен өтеді және ол Қазақстан Республикасының оқу орындарында оқитын жас мамандарға (бұдан әрі – практиканттар) арналып ұйымдастырылады.
  2. Тексеру комиссиясында практикадан өтудің негізгі мақсаты практиканттардың мемлекеттік басқару саласында практикалық тәжірибе жинақтауы, алған теориялық білімдерін қолдануы болып табылады.
  3. Мерзім тиісті оқу орнының практикадан өту туралы жіберген қолдаухатының негізінде олармен жасалған келісім бойынша айқындалады.
  4. Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшесінің басшысы әрбір практикантқа оның практикадан өтуіне жауапты нақты лауазымды адамды (бұдан әрі – жауапты қызметкер) бекітеді.
  5. Практиканттар практиканы бастамастан бұрын ғимараттағы рұқсаттама және объектішілік режим туралы нұсқаулықтың және Тексеру комиссиясында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидасының талаптарына қатысты құжат айналымына жауапты бөлімінде нұсқамадан өтеді. Практиканттар пайдаланған құжаттары мен материалдарының құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.
  6. Практиканттардың ғимаратқа кіруі Ғимараттағы рұқсаттама және объектішілік режим туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүзеге уақытша пропускілер немесе тізімдер бойынша жүзеге асырылады.
  7. Практиканттар практикадан өту барысында құрылымдық бөлімшенің басшылығы айқындайтын іс-шараларды жүзеге асырады, және тиісті жауапты қызметкерлердің ассистенттері ретінде Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша негізгі нормативтік және құқықтық актілермен танысады.
  8. Практиканттардың құрылымдық бөлімшелерде практикадан өтуін бақылауды олардың басшылары жүзеге асырады.
  9. Практикадан өтуді Персоналды басқару қызметі үйлестіреді.

 

  1. Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне

еңбек ақы төлеу, оларды көтермелеу және жауапқа тарту

 

  1. Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу және тексеру комиссиясы қызметкерлеріне сыйақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жүргізіледі.

124.Тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерінің рейтингілік бағалау Қазақстан Республикасының тиісті заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  1. Тексеру комиссиясының қызметкерлері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны (соның ішінде қызметкердің қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері бойынша), мүлтіксіз мемлекеттік қызметті, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін:

1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
2) алғыс жариялау;
3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4) грамотамен марапаттау;
5) құрметті атақ беру;
6) көтермелеудің өзге де нысандары, оның ішінде ведомстволық наградалармен марапаттау.

  1. Тексеру комиссиясының қызметкерлері ерекше еңбектері үшін Қазақстан Республикасының ведомстволық және мемлекеттік наградаларымен марапатталуы мүмкін.
  2. Тексеру комиссиясы қызметкерінің өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерін орындамағаны және тиісінше орындамағаны (соның ішінде қызметкердің қызметінің тиімділігін бағалаудың нәтижелері бойынша), сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны, мемлекеттік және еңбек тәртібін бұзғаны, сол сияқты мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты белгіленген шектеулерді сақтамағаны үшін заңнамада белгіленген тәртіппен Тексеру комиссиясының қызметкеріне Қазақстан Республикасының тиісті заңнамасымен бекітілген  Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидасына сәйкес тәртіптік жаза шаралары қолданылуы мүмкін.

дың,

 

 

 

 

 

Қызылорда облысы бойынша

тексеру комиссиясы төрағасының

2018 жылғы «     » қаңтардағы

№__  – НҚ бұйрығына №1 қосымша

 

 

 

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының

 жылдық жұмыс жоспары

 

 

 

Р/С

 

 

Іс-шараларының атауы

 

Аяқталу нысаны

 

Орындалу мерзімі

 

Орындалуына жауаптылар

 

І.    БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАМАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ

 

 

_______________жылға арналған бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес

 

 

 

 

Қызылорда облысы бойынша

тексеру комиссиясы төрағасының

2018 жылғы «     » қаңтардағы

№__   – НҚ бұйрығына №2 қосымша

 

 

 

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының

 жылдық жұмыс жоспарының орындалуы бойынша

 

 

 

Р/С

 

 

Іс-шараларының атауы

 

Аяқталу нысаны

 

Орындалу мерзімі

 

Орындалуы туралы

 

І.    БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАМАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ

 

 

_______________жылға арналған бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қызылорда облысы бойынша

тексеру комиссиясы төрағасының

2018 жылғы «     » қаңтардағы

№__   – НҚ бұйрығына №3 қосымша

 

 

 

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының  құрылымдық бөлімшесі туралы ереже

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының  ________________________ бөлімі туралы

ЕРЕЖЕ

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының  _______________ бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының  (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Президенті және Үкіметінің актілерін, «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) туралы ережеге, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, Тексеру комиссиясының  Регламентін және осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы, штат саны Тексеру комиссиясының  штат кестесімен айқындалады.
  4. Бөлім:

_______________ тұрады.

  1. Бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындауды және қызметтен босатуды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тексеру комиссиясының Төрағасы жүзеге асырады.

 

  1. Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. Міндеті:

Функциясы:

1) ______________________________________;

2) ______________________________________;

3) ______________________________________.

  1. Міндеті:

Функциясы:

1) ______________________________________;

2) ______________________________________.

  1. Міндеті:

Функциясы:

1) ______________________________________;

2) ______________________________________.

  1. Міндеті:

Функциясы:

1) ______________________________________;

2) ______________________________________.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

_________________________________________;

_________________________________________.

 

  1. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру және 

Бөлім меңгерушісінің өкілеттіктері

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес, өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыруға қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тексеру комиссиясының  Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бөлім меңгерушісі басқарады.
  3. Бөлім меңгерушісі құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  4. Бөлім меңгерушісі Тексеру комиссиясының  басшылығына Бөлімнің құрылымы және штат кестесі жөнінде ұсыныстар береді.
  5. Осы мақсатта Бөлім меңгерушісі:

1)  қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді және бекітуге енгізеді;

2) Бөлімнің кезекті тоқсанға арналған жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді және Тексеру комиссиясының  басшысына бекітуге енгізеді;

3) Бөлімнің ұйымдық құрылымын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді және Тексеру комиссиясының  басшысына ұсынады;

4) Бөлімнің жұмысын және Тексеру комиссиясының  басқа да құрылымдық бөлімшелерімен оның өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

5) Тексеру комиссиясының  жұмыс жоспарларының, сондай-ақ Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Тексеру комиссиясының  Төрағасының, Тексеру комиссиясының  мүшелерінің бұйрықтарының, тапсырмаларының уақтылы және сапалы орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

6) Бөлім қызметкерлерін кәсіби даярлауды және олардың біліктіліктерін арттыруды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізеді, Бөлім қызметкерлерінің техникалық оқуға қатысуын қамтамасыз етеді;

7) Бөлім қызметкерлерін тағайындау, ауыстыру, жұмыстан босату, көтермелеу және жауапкершілікке тарту, олардың демалыс кестесі жөнінде ұсыныстар енгізеді;

8) Тексеру комиссиясының  қызметкерлерінің тарапынан жол беріліп, өзіне мәлім болған әр сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық оқиғасы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға тарту мақсатында өзіне және Тексеру комиссиясының  қызметкерлеріне өтініш білдірілген барлық оқиғалар туралы Тексеру комиссиясының  Төрағасының назарына жеткізеді;

9) Тексеру комиссиясы басшысын Бөлімнің қызметі туралы хабардар етеді;

10) Бөлімде іс қағаздарын жүргізуді, атқарушылық және еңбек тәртібін қолдауды қамтамасыз етеді;

11) Бөлім қызметкерлерінің жұмысын есепке алуды және қызметінің тиімділігін бағалауды жүзеге асырады;

12) ______________________________________________________.

  1. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Бөлімнің атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Бөлім меңгерушісі, ол болмаған жағдайда, оның орнын ауыстырған адам қол қояды.

___________________________

 

 

 

Қызылорда облысы бойынша

тексеру комиссиясы төрағасының

2018 жылғы «     » қаңтардағы

№__  – НҚ бұйрығына №4 қосымша

 

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының  қызметкерлерінің ____ жылға арналған еңбек демалыстары кестесінің

НЫСАНЫ

 

Р/с

 

Қызметкердің

А.Ә.Т.

 

Қызметкердің лауазымы Еңбек демалысының жоспарланған кезеңі (ай) Қызметкердің

қолы

1 2 3 4 5
(құрылымдық бөлімшенің атауы)
1.
2.
3.
(құрылымдық бөлімшенің атауы)
4.
5.
6.

 

Ескертпе: құрылымдық бөлімшелер жаңадан алынған қызметкерлер болған кезде Тексеру комиссиясына жұмысқа алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Кадр қызметіне кестеге өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар жолдайды.

 

 

 

Қызылорда облысы бойынша

тексеру комиссиясы төрағасының

2018 жылғы «     » қаңтардағы

№__  – НҚ бұйрығына №5 қосымша

 

 

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының

жұмыстан босатылатын қызметкерінің кету қағазының

НЫСАНЫ

 

______________________________________________________________________

(қызметкердің А.Ә.Т.)

 

Р/с

Тексеру комиссиясының құрылымдық бөлімшесі Лауазымды адам Берешегінің жоқтығы туралы белгі Қолы,

күні

1. Қызметкердің құрылымдық бөлімшесі

 

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

 

 

 

 

тапсырмалар бойынша
сипатталған құжаттар бойынша
қызметтік хат-хабар бойынша
жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша
бақылауда тұрған тапсырмалар бойынша
нұсқаулықтар, сейфтер, мөрленген құрылғылар бойынша  

 

 

 

 

2. Тексеру комиссиясының бөлімдерінің басшылары Бөлім басшылары Бақылау іс шарасы бойынша
3. Сапаны бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімі Бөлім басшысы Әкімшілік хаттамалар, құқық қорғау органдарына, әкімшілік іс қозғауға уәкілетті органдарға жолданған материалдар бойынша, сараптама қорытындылары бойынша, сапа бақылау құжатары бойынша
4. Әкімшілік бөлімі Бас бухгалтер нақты қаржылық есептеу және жұмыс атқарған кезеңдегі жалақысы туралы анықтама алу үшін
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге жауапты тұлға есеп беретін материалдық-техникалық қаражатты өткізу мәселелері бойынша
кабинеттің кілттерін қайтару
5. Персоналды басқару қызметі Персоналды басқару қызметі қызметтік куәлікті қайтару
Электрондық рұқсатнама  және берілген өзге де куәліктерді қайтару