Тексеру комиссиясы туралы ақпарат

Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы туралы ақпарат

«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 2 мамырдағы «Өңірлерде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдарын жетілдіру туралы» Жарлығын орындау мақсатында Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы  16 тамыздағы «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесін құру туралы» қаулысына сәйкес құрылды.

Қызылорда облыстық маслихатының 2011 жылғы 5 қыркүйектегі №309 шешімімен Ережесі бекітілген. Облыстық мәслихатының 2011 жылғы   5 қыркүйектегі №310  шешімімен Тексеру комиссиясының төрағасы және төрт мүшесі тағайындалды.

«Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы №523 Жарлығына сәйкес саяси мемлекеттік қызметші лауазымдарында болған тексеру комиссиясының төрағасымен мүшелері 2013 жылы мемлекеттік қызмет жөніндегі Ұлттық комиссияда әңгімелесуден өтіп, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қайта тағайындалды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2017 жылдың   16 қазанындағы №646 қбп қаулысымен қайтадан «Б» корпусына ауыстырылды.

Қызылорда облыстық мәслихатының 2018 жылғы 8 тамыздағы №236 шешімімен Тексеру комиссиясының төрағасы және  мүшелері тағайындалды.

Қазіргі таңда тексеру комиссиясында бекітілген штаттық кесте бойынша 33 бірлік «Б» копусының лауазымдық бірліктері бар.

Тексеру комиссиясында аппарат басшысы, 6 бөлім, 1 қызмет жұмыс жасайды, яғни   №1, 2 мемлекеттік аудит бөлімдері, жоспарлау, талдау және есептілік бөлімі, ұйымдастыру жұмысы бөлімі, құқықтық қамтамасыз ету бөлімі, бағалау және сапа бақылауы бөлімі,  персоналды басқару қызметі.

Тексеру комиссиясының қызметі Қызылорда облысы аумағында қаржылық тәртіпті нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, басқарудың және жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік субъектілердің активтерін пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған.

Өзіне жүктелген жауапты қызметті абыроймен атқару үшін «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 93-қадамын жүзеге асыру аясында қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау» туралы Заңына сәйкес тексеру комиссиясында  2016 жылдан бастап  30 мемлекеттік қызметшіні сертификаттаудан өткізіп, аталған қызметкерлер «Мемлекеттік аудитор сертификатының» иегерлері атанды оған қосымша  4 қызметкердің жоғарғы білікті мемлекеттік аудитор сертификаты бар.