Құрылым

«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің бекітілген штат саны – 33 бірлік. Бүгінгі таңда нақты мемлекеттік қызметшілер саны-32 бірлік.                     32 қызметкердің барлығы да жоғары білімді, оның ішінде 11 қызметкердің екінші жоғары білімдері бар.
Тексеру комиссиясының 31 қызметкерінің 4-уі «Жоғары санатты мемлекеттік аудитор» сертификатын алған, 26-сында «Мемлекеттік аудитор» сертификаты бар, сонымен қатар CIPFA Public Auditor халықаралық біліктілігі берілген, қоғамдық сектор үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (DipIPSAS) оқытуды аяқтау туралы дипломдар табыс етілген.
Мемлекеттік аудит жүргізетін бөлімдегі 16 қызметкердің барлығында мемлекеттік аудитор сертификаты және халықаралық дәрежедегі аудитор біліктілігі бар. 2020 жылдың басынан бері 23 қызметкер біліктілігін арттырды. Жыл басынан бері «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен 1 қызметкер марапатталды.