Басшылық

Кұлымбетова Сәуле Ибрагимқызы

Тексеру комиссиясының төрағасы

Кұлымбетова Сәуле Ибрагимқызы, 1961 жылы тамыз айының 17-сі күні  Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Ұлты қазақ. 1978 жылы № 173 орта мектепті бітірген.

1993 жылы Алматы қаласының Қазақ мемлекеттік басқару академиясына түсіп, 1996 жылы экономист – маркетолог мамандығын алған.

Қызмет жолын 1978 жылы Қызылорда облысының статистика басқармасының есептеу орталығының операторынан бастаған.

1982-1995 жылдар аралығында «Казгалантерейторг» көтерме базасының комплектовщицасынан директордың орынбасары қызметін атқарған.

1997-1998 жылдар аралығында Қызылорда облысының экономика басқармасында маман лауазымынан бөлім басшысы лауазымы.

1998-2001 жылдар аралығында Қызылода облыстық шағын кәсіпкерлікті дамыту департаментінің бөлім басшысының міндетін атқарушы, департамент басшысының орынбасары қызметтеріне тағайындалды.

2001-2003 жылдар аралығында БҰҰДБ–сы кедейшілікпен күресу бағдарламасының маманы, Қызылорда облысындағы кедейшілік жөніндегі эксперт қызметтерін атқарған.

2003-2005 жылдар аралығында Қызылорда облысының экономика басқармасында салааралық саясат бөлімінің басшысы, осы жылы Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің нақты секторды дамыту бөлімінің басшысы қызметінде болды.

2005-2006 жылдар аралығында Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары және 2006-2008 жылдарда Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директорының орынбасары қызметін атқарды.

2008-2013 жылдар аралығында Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды

2013-2018 жылдары Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды

2018 жылдың 08 тамызынан бастап Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрайымы болып тағайындалды..

Отбасылы. 2 балалы, 1 ұл 1 қыз.

 

Сатлабаев Мирамбек Ахметұлы

Тексеру комиссиясының мүшесі

Сатлабаев Мирамбек Ахметұлы 1968 жылы дүниеге келген, еңбек жолын 1992 жылы Қармақшы ауданында салық инспекциясында маман ретінде бастап, 2005 жылға дейін жетекші маман, аға салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы, орынбасары қызметтерін атқарған.

2005-2006 жылдары Сырдария ауданы бойынша салық комитетінде төраға, 2006-2010 жылдары облыс бойынша салық комитетінде басқарма бастығы, 2010-2011 жылдары Қызылорда қаласы салық басқармасында бөлім бастығы, орынбасары қызметтерін атқарған.

2011 жылдан бастап облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің «Салық қызметінің үздігі» медалімен, Есеп комитетінің ІІІ дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен, «Қызылорда облысына 70 жыл» мерекелік медалімен және «Қаржы, жоспарлау, банк жүйесіне 90 жыл» естелік мерейтойлық белгісімен наградталған.

 

Садуакасова Айгүл Аманханқызы

Тексеру комиссиясының мүшесі

Садуакасова Айгүл Аманханқызы 1970 жылы дүниеге келген, еңбек жолын 1990 жылы Қызылорда облыстық атқару комитетінде экономист ретінде бастап, 1991-2003 жылдары салық комитетінде аға маман, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

2003 жылы ҚР ҚМ СҚ Аймақаралық комитетінің Оңтүстік аймақ бойынша басқармасының бастығы, 2003-2008 жылдары облыс бойынша Салық департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығы, 2009-2011 жылдары Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

2011 жылдан бастап облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

«Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, ҚР Қаржы Министрлігі Салық комитетінің «Салық қызметінің үздігі» медалімен, Есеп комитетінің «Қаржы бақылау саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен және «Қаржы, жоспарлау, банк жүйесіне 90 жыл» естелік мерейтойлық белгісімен марапатталған.

 

Мұсабеков Роман Темірбекұлы

Тексеру комиссиясының мүшесі

Мұсабеков Роман Темірбекұлы 1974 жылы дүниеге келген, еңбек жолын 1995 жылы Қызылорда қаласының өртке қарсы ерікті қоғамында маман ретінде бастап, 1996-1997 жылдары Қызылорда облыстық Бюджет банкісі басқармасында шаруашылық меңгерушісі, 1997-2005 жылдары Қызылорда облыстық Қазынашылық басқармасында аудит бөлімінің аға қазынашысы, бас қазынашысы,  2005-2007 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратында бас инспектор, аймақтық даму бағдарламалары мониторингі бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2007-2008 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасының бастығы, облыс әкімінің кеңесшісі, 2008-2011 жылдары Қызылорда облысының білім басқармасы бастығының орынбасары, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары қызметтерінде болған.

2011 жылдан бастап облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

«Қаржы, жоспарлау, банк жүйесіне 90 жыл» естелік мерейтойлық белгісімен марапатталған.

 

Ильясов Талғат Ибрагімұлы

Тексеру комиссиясының мүшесі

Ильясов Талғат Ибрагімұлы 1963 жылы дүниеге келген, еңбек жолын 1980-1981 жылдары «Қызылордаводстрой» тресіне қарасты №30 Қармақшы жылжымалы механикаландырылған колонна мекемесінде жұмысшы ретінде бастап, 1995 жылға дейін жоспарлау бөлімінің экономисі, есепшісі және бас есепшісі қызметтерін атқарған.

1995-2001 жылдары Қармақшы ауданы бойынша салық комитетінде бас бухгалтер-эксперт, бас салық инспекторы, бастықтың орынбасары, есеп бөлімінің бастығы, төрағаның орынбасары, 2001-2004 жылдар аралығында Қармақшы аудандық қаржы бөлімінің бастығы, 2004-2013 жылдары  Қызылорда облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2013 жылдан бастап облыс бойынша тексеру комиссиясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалімен, «Қызылорда облысына 70 жыл» мерекелік медалімен және «Қаржы, жоспарлау, банк жүйесіне 90 жыл» естелік мерейтойлық белгісімен марапатталған.

 

Пшанов Бауыржан Толешович

Тексеру комиссиясының аппарат басшысы

Пшанов Бауыржан Толешович 1980 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, ұлты қазақ. Еңбек жолын 2000 жылы Қызылорда қаласындағы №9 кәсіптік техникалық мектепте өндірістік оқу шебері ретінде бастаған.

2003-2004 жылдары Сырдария аудандық қаржы бөлімінде жетекші маман,

2004-2012 жылдары Қызылорда облысының қаржы басқармасында жетекші маманнан бастап бөлім басшысы лауазымдарын атқарған

2012-2018 жылдары Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясында бас маманнан бөлім басшысы–мемлекеттік аудитор қызметтерін атқарған.

2018 жылдың маусым айынан бастап Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы.

2013 жылы ІІІ дәрежелі «Қаржы сақшысы» медалімен, 2011 жылы «Қаржы, жоспарлау, банк жүйесіне 90 жыл» естелік мерейтойлық белгісімен, 2011 жылы Қызылорда облысы әкімінің, 2012 жылы тексеру комиссиясы төрағасының Алғыс хаттарымен марапатталған.