20.05.2020ж.

Бос қызмет орындары

«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі,
120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1 құрылым,
анықтама үшін телефондар: тел./факс 8 (7242) 60-54-70, e-mail: k.seilbekova@korda.gov.kz
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға
осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Ұйымдастыру жұмысы және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (D-4 санаты, 1 бірлік, индекс №05-4) Лауазымдық жалақысы мемлекеттік қызмет өтіліне қарай 116623 теңгеден 157326 теңгеге дейін (экологиялық коэфициентті есепке алмағанда).
Негізгі функционалдық міндеттері:
ҚСХҚЕС-ке сәйкес бухгалтерлік есепті жүргізу; қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет қаражатының толық игерілуін қамтамасыз ету; мемлекеттік сатып алу жоспарын жасау және орындау; өнім берушілермен есеп айырысуды мақсатына сай және уақытылы жүргізуді қамтамасыз ету; Қазынашылық комитеті органдарында азаматтық-құқықтық мәмілелерді уақытылы тіркелуін қамтамасыз ету; кассалық операцияларды жүргізу; жалақының, іссапар шығыстарының, салықтар және бюджетке төленетін төлемдерді есептеу және төлеу; активтер мен запастардың қозғалысына және сақталуына есеп жүргізу; активтерге, запастарға түгендеу жүргізу; Тексеру комиссиясының тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік өтінімін жасау; бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламасын әзірлеу; бас кітапті жүргізу; қаржыландыру жоспарының орындалуы туралы есепті, қаржы, салық, статистикалық есептерді жасау және тиісті органдарға тапсыру; «Қазынашылық-клиент», «1С Бухгалтерия», «Е-Қаржымині» бағдарламаларымен жұмыстарды жүргізу; Тексеру комиссиясының қызметіне қатысты талдамалық және әдістемелік материалдарды, облыстық мәслихатқа есепті қаржы жылына жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепке және Есеп комитетіне тексеру комиссиясының жұмысы туралы тоқсан сайынғы ақпаратқа енгізу үшін қажетті материалдарды дайындау жұмыстарына қатысу; заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау; өз құзіреті шегінде басқа да функцияларды жүзеге асыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: Құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, қаржы, менеджмент, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) мамандықтары бойынша жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
6) ғылыми дәрежесінің болуы;
7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күні, ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Құжаттар «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1 құрылым, 1 қабаттағы №129 кабинет мекенжайында қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш (нысан қоса беріледі);
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі, 120003, Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, №1 құрылым, 1 қабаттағы №129 кабинет мекенжайы бойынша өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы»
мемлекеттік мекемесінің конкурстық комиссиясы

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын
транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
______________________
______________________
______________________
Мекен жайы: ______________________
Байланыс телефоны: ______________________
e-maіl: ______________________
ЖСН: ______________________
_________ ___________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.